Версия для печати

Кәсіпкерлердің жұмысымен танысты

Среда, 27 Апрель 2016 05:48 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3885 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Өңірімізге ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен келді. ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңесінде Ұлттық палатаның президиум төрағасы өңірдің индустриалық-инновациялық жағдайымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

13077101 963389047110768 2232040495375359356 n

Жиынға өңір басшысы Б. Атамқұлов пен облыстағы кәсіпкерлер қатысты. Кеңесте сөз алған өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің өңірлері арасында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша көшбасшы болып табылатынын айтты.
– Облыста еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жалғасын табуда. Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша құны 184 млрд теңге болатын 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Осы кәсіпорындардың 95% қазірдің өзінде 90-100 пайызға жоспарлы қуатына шығып, Қазақстандағы үздік көрсеткішке жетіп отыр, – деді Б. Атамқұлов.
Сапар аясында төраға «Тассай» минералды суын шығаратын «ЮНИКС» ЖШС-нің жұмысымен және онда шығарылатын негізгі өнім түрлерімен танысты. Сонымен қатар, Тимур Асқарұлы Сайрам ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды.
Өз кезегінде, Тимур Құлыбаев қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және қызығушылығын арттыру бойынша Ұлттық палата кәсіпкерлері арқылы жүзеге асырылған жұмыстар туралы айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.