Версия для печати

Таза судан тарықпайды

Понедельник, 25 Август 2014 03:03 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 6469 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Ел тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үкіметтік деңгейде қарастырылған мәселе. Енді елдімекендерге «Ақбұлақ» бағдарламасының шарапаты тимек. Бір ғана Шымкент қаласы маңындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Қазір шағынаудандарда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мәселен, «Асар», «Бозарық - 1, 2, 3», «Достық», «Қайнарбұлақ» және «Тұран» елді мекен тұрғындарын таза сумен қамту мақсатында Шымкенттің солтүстік-батыс аймағы маңына орталық құбыр тартылып, су қоймасы салынып жатыр.
«Қайнарбұлақ» саяжайында да қарбаласқа толы құрылыс қыза түскен. Елді мекендегі ауызсудың мәселесін шешу үшін мердігерлер су құбырларын  жүргізіп жатыр. Кеңес кезеңінен бергі тозығы жеткен су құбырларының орнына жаңасы тартылады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң саяжайлықтар тіршілік нәрінен 24 сағат бойы тарықпайды.
Мұндай жұмыстар шаһардағы 9 елді мекенде жүріп жатыр. «Солтүстік» суаққысының жұмысы бітсе, солтүстік-батыс аймақтағы «Асар», «Бозарық - 1, 2, 3», «Достық», «Қайнарбұлақ» және «Тұранның» тұрғындары таза судан тарықпайтын болады.  

 

Әділ АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.