Іс-шараны ұйымдастырушы – «Shymkent run club» жүгіру клубы. Жетекшісі Айдана Түлкібектің айтуынша, биылғы сайыс көктемнің келуіне және халықаралық спортты дамыту күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Кезекті сайысқа Шымкент қаласының әуесқой жүгірушілері және қала тұрғындары, жалпы 100-ден аса адам қатысты. Олар салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен.
Жүлдегерлер арнайы медальдар, дипломдармен марапатталды.
Айта кетсек, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы іс-шараға қолдау көрсетті.