Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған «Жастар лигасында» жеңімпаз болған білім мекемелеріне барып, сенбілікке қатысып, мектеп оқушыларымен кездесті.
Абай ауданы Президент Жолдауын халыққа түсіндіру бойынша Абай аудандық ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын бастап, аудан аумағындағы түрлі еңбек ұжымдарында жиындар өткізді.

ЕЛ ҚОРЖЫНЫНДА – 12 АЛТЫН

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:53 Автор
Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

ҚазТест жүйесінде тест тапсырады

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:51 Автор
Шымкентте қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтайтын ҚАЗТЕСТ бағалау жүйесі басталды. Аталған шара 20-24 қыркүйек аралығында өтетін болады. Тестілеуге Шымкент қаласы бойынша әскери, құқық қорғау, бюджеттік сала, коммерциялық мекеме қызметкерлері жалпы 1500-ге тарта азамат қатысады деп жоспарлануда.

КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Среда, 22 Сентябрь 2021 03:50 Автор
Шымкент қаласында орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1908-сі, яғни 98% жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
Ауыл шаруашылығы саласы – елдің экономикасын өрге сүйрейтін басты күш. Сондықтан Қазақстанда соңғы жылдары агросаланы дамытуға барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев биылғы кезекті Жолдауында саланы дамытуда жауаптыларға біраз тапсырмалар жүктеді. Үшінші мегаполисте Президенттің берген тапсырмаларының орындалуы жайында Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының…
Азаматтардың әл-ауқатын арттыру – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Отандастарымыздың, әсіресе, жастардың тұрмысының жақсаруында жұмыссызды жоюдың маңызды рөл атқаратыны даусыз. Шымкентте бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі ретінде жуырда үшінші мегаполисте жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Анимация — идеология құралы. Ертеректе ата-әжелеріміз ұлттық салт-сананы қиял-ғажайып ертегілермен баланың бойына сіңіріп отырса, техника қарыштап дамыған дәуірде бұл қызмет мультфильмдер мен балалар фильмінің еншісіне өтті. 50 жылдан аса тарихы бар қазақ анимациясының төл туындысы — «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі. Ал, отандық анимация дегенде…
– Ағай, сізбен селфи түссем бола ма?Мұндай сұрақты күтпеген үлкендердің әңгімесі сап тыйылып, қас-қағым сәт үнсіздік орнады. Жан-жағымызда ешкім жоқ сияқты еді... Бастауыш сыныпта оқитын бүлдіршін қыз смартфонын дайындап, қонаққа қиыла қарап тұр.
World clean up day Дүниежүзілік акциясы Шымқалада да ұйымдастырылды. Осынау бастама аясында жыл сайын елімізде «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы қолға алынып, жалпықалалық сенбілік өтіп тұрады.