Версия для печати

45 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ Избранное

Пятница, 18 Февраль 2022 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1061 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентке «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы — 403, биыл 413 квота бөлінген. Өткен жылы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен 105 келіншек жүктілік бойынша есепке алынған. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева мәлімдеді.

287

 

Шымкент қаласы бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламасы негізінде «Ecomed-Шымкент», «IRM-Шымкент» және «Доктор Тарарака» репродуктивтік орталықтары қызмет көрсетеді. БАҚ өкілдері «Репродуктивтік медицина институты» Шымкент филиалының («IRM-Шымкент») жұмысымен танысты.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына 2020 жылғы Жолдауында «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастап, экстракорпоральді ұрықтандыруға квота санын жеті есеге көбейтуді тапсырған болатын. Бағдарламаны орындау барысында
Шымкентке «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылы — 403, биыл 413 квота бөлінген. Өткен жылы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен 105 келіншек жүктілік бойынша есепке алынып, бүгінде оның 25-і сәбиін қолына алып үлгерді, – дейді Сәуле Сансызбайқызы.
Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі, қаланың штаттан тыс репродуктологы Г.Рысқұлбекованың айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысушы жұптардың басым бөлігі жергілікті, яғни Шымкенттегі репродуктивтік орталықтарды таңдап отыр.
— Бүгінде Шымкент қаласы бойынша тізімге 556 әйел тіркелген. Оларды кезегі келгенде қаладағы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен жұмыс істейтін 3 орталықтың біріне жолдаймыз. Өткен жылы 586 әйел кезекте еді. Берілген 403 квота толығымен игеріліп, 105 әйел жүктілік бойынша есепке алынған болатын. Бүгінгі таңда 25 әйел босанып, 45 сәби дүние есігін ашты. Олардың арасында 16 егіз, 2 үшем бар. Ал биылға қаралған квотаның 98-і кезектегі жұптарға беріліп, алғашқы 3-еуі оң нәтиже көрсетіп отыр. Бізді емделушілердің жергілікті орталықтарды таңдауы қуантуда. Бұл Шымкенттегі қызмет сапасының артқанын көрсетеді, – дейді Гүлжан Садықбекқызы.
«Репродуктивтік медицина институтының» бөлім меңгерушісі-репродуктолог Ә.Есенғұлованың айтуынша, 1995 жылы іргетасы қаланған орталықтың Шымкенттегі бөлімшесі 2020 жылы ашылған.
— 2021 жылы біздің орталық 1000 жұпқа экстракорпоральді ұрықтандыру әдісімен көмек көрсетті. Оның ішінде «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында 275 жұп қаралды. Оның 109-ы – шымкенттік отбасылар. Сондай-ақ, бізге Түркістан, Қызылорда облыстары сынды жақын өңірлерден келіп қаралатындар да бар. Біздің орталықтың басты ерекшеліктерінің бірі – емделуші жұптардың ЭКҰ бағдарламасы сәтсіз аяқталған жағдайда қорда сақтаулы эмбриондары болса, араға 3 ай уақыт салып, қайта тегін ұрықтандырып береміз. Ал қорда сақталған биоматериал қалмаған жағдайда қызмет ақылы көрсетіледі, – дейді Әсел Мұхаммедқазықызы.
Орталық мамандарының айтуынша, өткен жылдың қорытындысына сәйкес, «IRM-Шымкент» орталығының ЭКҰ бағдарламасына қатысқан 1000 жұптың 51 пайызы жүктілік бойынша есепке алынған. Бүгінде алғашқы 200 сәби дүниеге келген.
— «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында емделген 109 шымкенттік жұптың 68-і экстракорпоральді ұрықтандыру бойынша оң нәтижеге қол жеткізді. Бүгінде 8 әйел босанды, өзгелері жүктілік кезеңінің бақылауында. Дүниеге келген сәбилер арасында егіздер де бар, – дейді маман.
Әсел Мұхаммедқазықызының айтуынша, республикада «Репродуктивтік медицина институтының» еншісіне 2022 жылдың алғашқы жартысында «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында 1693 квота беріліп отыр.
— Орталықтың ақылы экстракорпоральді ұрықтандыру қызметі —390 мың теңге. Оған аналық бездер фолликулдарының пункциясы, алынған аналық жасушаны аталық ұрықпен ұрықтандыру, оны 5 тәулік орталықтың эмбриология бөлімінде өсіріп, дамыту және жатыр қуысына салу жатады. Алайда, бұл әдіске дейін емделушілердің ағзасын гормоналды тұрғыдан ынталандыру керек. Қажет дәрілік заттар шетелден жеткізілгендіктен, олар қымбат тұрады. Соның салдарынан жалпы емдеу курсы мен ЭКҰ қызметіне 800 мың теңгеден аса қаржы керек, – деді Ә.Есенғұлова.