Орталықтың аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Мұндағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар қосымша «Қамқорлық қоры» КҚ қолдауымен 3 жасқа дейінгі неврологиялық ауытқуы бар балаларға арналған ерте араласу орталығы ашылмақ. Бұл нысан жылына 600 бүлдіршінге көмек беретін болады. Сонымен қатар қайырымдылық қоры есебінен жалпы сомасы 125 млн теңгені құрайтын медициналық жабдықтар алынады деп жоспарланып отыр.