Халық шешіміне алдын-ала ешкім кесім айтпайды
Вторник, 10 Сентябрь 2024 08:21Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында халықтық штаб құрған болатын.
Осыған байланысты «AMANAT» партиясының қалалық филиалының Атқарушы хатшысы ретінде Жолдауда айтылған басымдықтардың маңыздылығына тоқталмай кете алмаймыз. Әсіресе, тезистердің ішінде АЭС салу бойынша референдум уақытының белгіленуі де маңызды жаңалық.
Десе де, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін АЭС салу арқылы шешудің дұрыс-бұрысын ғалымдар мен сарапшылар соңғы бір жыл бойы қызу талқылап келді. Электр энергиясын тұтыну қарқыны жыл сайын 3 пайызға артып келе жатыр. Алдағы 10 жылда энергия қуатының тапшылығы 30 пайызға жетуі мүмкін. Жылдан жылға өсіп келе жатқан энергия қуатының тапшылығы жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға кері әсер етіп, экономиканың дамуына кедергі келтіреді. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек, «Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін энергияның бірден-бір көзі – АЭС. Бұл елдің интеллектуалдық әлеуетін, деңгейін көтереді. АЭС-ті пайдалану – ғылымды дамытуға ерекше үлес қосады, жас ғалымдардың атом саласына деген қызығушылығын оятады. Экономика дамып, инфрақұрылым мәселесі шешіліп, өнеркәсіп орындары ашылады» деген ғалымдардың пікірін жоққа шығаруға болмайды. Қалай айтсақ та, болашақтың энергиясы – отын жағатын энергия емес, балама энергия көздері мен АЭС болып қала бермек. Халық шешіміне ешкім алдын ала кесім айтпайды. Президент жолға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзіндегі көрінісі референдумға белсенді қатысып, дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор және оның ел болашағына әсері мол болмақ.
Мұрат ЖОЛДЫХОЖАЕВ.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы.
Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар көшпенділердің Дүниежүзілік ойындары аясында басталды
Понедельник, 09 Сентябрь 2024 11:29Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды.
Қатысушылардың алғашқы жүрістері 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9 ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті. Уақыттың мұндай рәміздік таңдауы Тоғызқұмалақ күніне орайластырылып, Көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 2020 жылдан бері бұл оқиға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен аталып өтіледі.
Ашылу салтанатында сөз сөйлегендер: Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық дирекциясының басшысы Наиль Нұров және ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Құттықтау сөзінде Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл күні тоғызқұмалақ логикалық ойыны бойынша рекордтар орнатуға арналған маңызды шараның да өтіп жатқанын атап өтті. "Сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін 150 мыңнан астам адам мектептерде, университеттерде, колледждерде және жұмыс орындарында өз тақталарын пайдалана отырып, блиц форматында тоғызқұмалақ ойнайды. Ал осы айтулы күнге орай тоғызқұмалақтың зияткерлік ойынының жиынтығы ашық ғарышқа жіберілді", – деді Әлихан Бәйменов.
Осылайша, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде өз шеберліктерін 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка елдері және араб елдерінен келген 114 қатысушы көрсетеді.
Айта кетейік, Астана қаласындағы "Думан" қонақүйінде 13 қыркүйекке дейін тоғызқұмалақ, Мангала және Овари ойындары бойынша жарыстар өтеді.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі, ол зияткерлік қабілеттерді дамытуға арналған. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұралары тізіміне енгізілді. Ал 2022 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының шешімімен 9 қыркүйек Тоғызқұмалақ күні болып белгіленді. Дүниежүзілік және Қазақстандық тоғызқұмалақ федерациясының президенті – Әлихан Бәйменов. Федерация өткен жылдан бері ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді.
Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны, оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екі қатардан тұратын алты бірдей ұя орналасқан, олар 12 кішкентай ұяны құрайды және жиналған тастарды сақтауға арналған үлкен ұялар бар. Овари ойыны 48 шармен ойналады.
Мангала – түрік халқы арасында танымал зияткерлік ойын. Оны да екі ойыншы ойнайды, ойын тақтасында алты бірдей ұядан тұратын екі қатар орналасқан, олар 12 кішкентай ұяны құрайды және шарларды сақтауға арналған үлкен ұялар бар. Мангала ойыны 48 шармен ойналады.
«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ»: ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:36Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекова төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдік басқармаларының, қаржы институттары мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» өкілдері, «Kazakh Invest» АҚ, қалалық креативті индустрия және іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.
АЗАМАТТАРДЫ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:35Шымкент қаласы әкімдігінде кезекті рет азаматтарды бірыңғай қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков және орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың пәтер кезегі, инфрақұрылым, әлеуметтік сала және жер телімдеріне қатысты арыз-шағымдарын қарастырды.
ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 14 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:342024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324.7 млрд теңге тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
14 пайызға артты. Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1 пайызға арттыру күтілуде. Жалпы алдағы 3 жылда 3,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мәселен, 2024 жылы – 928,7 млрд теңге, 2025 жылы – 1 194,8 млрд теңге, 2026 жылы – 1 493,5 млрд теңге.
ШЫМКЕНТТЕ 32 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Пятница, 06 Сентябрь 2024 05:31Қала халқының табысының артуына байланысты, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылар саны 30,4 пайызға азайды.
ҒАЛЫМДАР ЖОЛДАУДАҒЫ АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Пятница, 06 Сентябрь 2024 11:05Шымкенттегі іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Президент Жолдауында айтылған келелі мәселелер талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, университеттің Басқарма төрағасы - ректордың міндетін уақытша атқарушы Қайрат Нұрманбетов, университет ғалымдары, студент жастар қатысты. Елдің болашағы жастар десек, кездесудің де басты мақсаты президент Жолдауын жастар арасында насихаттау болды.