Версия для печати

Шымкентте алғашқы MITSUBISHI дилерлік орталығы ашылды Избранное

Пятница, 09 Декабрь 2022 10:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1403 раз
Оцените материал
(0 голосов)

MitsubishiMotors-1

Орталықтың ресми ашылуы кеше өтті. Нысанның жалпы ауданы 528 шаршы метрді құрайды. Mitsubishi Motors жаңа жаһандық стандарттарына сай құрылған. Қызмет көрсету сапасы мінсіз болуы үшін ғимаратта Mitsubishi автомобильдерінің сервис аймағы мен қосалқы бөлшектер қоймасы да бар. Дилерлік орталық жапондық жетекші марканың толық модельдерінің қатарын көрсетуге мүмкіндік береді.

Дилерлік орталық Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіреді.

Сыртқы келбеті мен ішкі көрінісі қызыл элементтері бар қара және ақ түстерге ие орталық туралы Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова:

- Біз Қазақстанның ірі мегаполисі Шымкенттегі Mitsubishi маркасының алғашқы ресми дилеріміз. Енді шымкенттіктер алысқа бармай-ақ Жапония елінің жетекші маркалы автокөліктерін сатып алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Жаңа автоорталықтың заманауи шоу-румында Қазақстанда ресми түрде сатылатын брендтің барлық модельдік қатары ұсынылған. Одан өзге Шымкент қаласы мен күнгей өңіріндегі Mitsubishi автокөліктерін тізгіндейтін тұрғындар марканың жоғары жаһандық стандарттары негізінде барлық қажетті техникалық қызмет көрсету мен кәсіби жөндеу жұмыстарын жүргізе алады», - деді.

MitsubishiMotors2

Ал «ММС Каз» (Mitsubishi Motors Қазақстан) ЖШС-нің Бас директоры Осаму ИВАБА Қазақстандағы автомобиль нарығында Mitsubishi маркасы жоғары беделге ие екенін, Mitsubishi Motors корпорациясы мұны жоғары бағалайтынын, сол үшін де тұтынушылардың қолжетімділігі мен жайлылығы үшін барлық мүмкіндікті қамтамасыз ететіндерін атап өтті. Сонымен қатар ол: «Ресми дилерлік орталықтың ашылуы қала тұрғындары үшін ақжолтай жаңалық болғанына сенімдіміз. Орталықтағы заманауи талаптарға сай жасалған дизайн мен жайлылық келушілер үшін жағымды әсер қалдыратынына сенімдімін. Біз өз тарапымыздан әрбір клиентімізбен Mitsubishi брендінің байланыстарын нығайта түсуге жұмыс істейтін боламыз», - деді.

Сондай-ақ, Осаму ИВАБА журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, автосалонда Mitsubishi маркасының Pajero Sport, Outlander, ASX сияқты Қазақстанға танымал модельдері ұсынылатынын жеткізді. Және де Eclipse cross, ASX және L200 модельдерін алдын-ала төлемсіз ерте брондау бағдарламасы да іске қосылғанын да айтты.

MitsubishiMotors3

Дилерлік орталық жаңа Mitsubishi көліктерін сатумен қатар барлық қажетті түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша сервистік қызмет көрсететін болады. Қызмет көрсету орталығында тұтынушы әрдайым қажетті жөндеу, электронды диагностика, қозғалтқышты, жүріс бөлігін, шанақты диагностикалау, майларды ауыстыру, қосымша жабдықтар мен күзет жүйелерін орнатуды қоса алғанда, автомобильге техникалық қызмет көрсетудің толық кешенін ала алады.

Қызмет көрсету сапасында жоғары жетістікке жету үшін дистрибьютор орталықтың менеджерлері мен мамандарымен үнемі тренингтер өткізеді. Автоорталықта несиелік және қаржылық қызметтердің толық спектрі қарастырылған. Жапондық марка автокөліктерін тізгіндегісі келетіндер үшін   бөліп төлеу мүмкіндігі жолға қойылған. Сонымен қатар Trade-in жүйесі яғни, ескі көлікті жаңасына ауыстыру қызметі де қолға алынған.

MitsubishiMotors4

Әрбір клиент барлық қаржылық өнімдер мен сақтандыру бойынша егжей-тегжейлі кеңес алады.

Жаңа дилерлік орталық Шымкент қаласының халқы тығыз қоныстанған Темірлан трассасы, 90б мекенжайында орналасқан. Автоорталық өкілдері таңдалған мекенжай қала тұрғындары үшін қолайлы бағыт екенін алға тартады.

MitsubishiMotors5

Айта кетейік, Orbis Auto тобы Атырау қаласында 2022 жылдың соңына дейін және Астана қаласында 2023 жылдың бірінші тоқсанында Mitsubishi ресми дилерлік орталықтарын ашуды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпараттар алу үшін 8708 300 30 30 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Последнее изменение Пятница, 09 Декабрь 2022 10:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.