Версия для печати

Мейірімді полицей Избранное

Среда, 18 Январь 2023 03:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 848 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жақсылық Алладан қайтады дейді. Ал жақсылық жасасаң көңіліңе нұр болып құйылатыны анық. Жақсылық жасау – біздің ата-бабамыздан жалғасқан ұлы қасиет. Мұның мәні бүгін де өзгерген жоқ. Өзгелерге үнемі жақсылық жасап тұратын адамдар бар. Солардың адамгершілігі мен ізгілігі арқасында өмір үміті үзілмейді. Армандар орындалып, биік асулар алынуда.

701

 

Мұндай жандар арамызда жүргенін кейде байқай бермейміз. Сондай азаматтың бірі – полиция қатарындағы қызметімен бірге, өнер жолында жүрген Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1-полиция батальоны (Шымкент қаласы) полицейі, полиция аға сержанты Серік Сейсенбеков. Мейірімді полицей Абай ауданына қарасты жастар орталығының қызметкерлерімен бірге «Балалар үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас буынның өнерге, мәдениетке, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Серік Сауранбайұлы кездесуде бос уақытында балалар үйіне жиі барып, өзінің өнерін жас бүлдіршіндерге паш етіп, домбырадан үйірме сабақтарын өткізіп қайтатынын айтып, ағынан жарылды. Бүгінде қызмет пен өнерді қатар алып жүрген полицейлер көп емес.
–Осы екі саланы бірге алып жүрген полиция қызметкеріне алғысымыз шексіз. Рухани азық беретін осындай шаралар жастар үшін ауадай қажет. Әсіресе жастардың патриоттық, шығармашылық сезімдерін шыңдауға септігін тигізері хақ, дейді ұйымдастырушылар.
Ата-бабамыздан қалған текті өнерді алтындай аялап, мәпелеп, өрісін кеңейтіп, өресін биіктету, жас ұрпақтың бойында қазақтың ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген мейірімді полицей – отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Дайындаған Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.