Версия для печати

30 348 жұмыс орны ашылған

Среда, 19 Июль 2017 04:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3028 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша ОҚО еліміздегі барлық облыстар ішінде көш бастап тұр. Өңірімізде жыл басынан бері 30 мыңнан астам, нақтырақ айтқанда, 30 348 жұмыс орны ашылған.

30348-jumis-56Ал ашылған жаңа жұмыс орындарына 4 127 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.
Тарқатып айтсақ, 2017 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мәліметке сәйкес, жаңадан ашылған жұмыс орындарының ішінде 1 667 орын «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша, 1 030 орын «Нұрлы жер», 115 жұмыс орны «Индустриялды-инновациялық даму», 396 орын «Бизнестің жол картасы – 2020», 18 134 орын мемлекеттік салалық бағдарламалар арқылы құрылса, 7 627 орын «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы мен 1 379 орын «2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған.