Версия для печати

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Четверг, 20 Декабрь 2018 12:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2264 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанда басқа да көптеген дамыған мемлекеттер сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс істелуде. Оған дәлел – Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.

 

Мәуленқұлов

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы стратегиясы» маңызы зор құжатқа айналған. Мемлекет пен қо­ғам тығыз қарым-қатынаста бол­ған­да сыбайлас жемқорлыққа тө­теп бере аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда ұр­пақ­пен жұмыс істеу қажет.

ҚР Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар  қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Заңы қабылданды.

Бұл Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден еліміздің ұлттық қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейтін бұл Заңның ерекшелігі – мемлекеттік қызметшілер ғана емес, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады, яғни, қоғам дертіне қарсы күрес тек мемлекеттік орындардың емес, жалпы қоғамның міндеті. Бұрын жемқорлықпен құқық қорғау органдары бір жақты айналысқан болса, енді ортақ мақсатқа бүкіл қоғамды жұмылдыру міндеті тұр. Жұмыла көтерсек, жүк жеңілдейтіні анық.

Сондай-ақ, тағы бір ерекшелігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, пара алған және пара берген адам жауапкершілікке тартылған жағдайда мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 70 еселенгеннен 80 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қоғам дертіне айналған, осы кеселдің алдын алудың бірден-бір жолы – ол ұлы жазушы, қоғам қайраткері М.Әуезовтың «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді де мағыналы сөзін назарға алып, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу. Жастарға отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын, елінің болашағы үшін бар ақылы мен күш-жігерін жұмсайтын отаншыл азаматтарды, нағыз патриоттарды тәрбиелеуді қолға алуымыз қажет.

Осы орайда Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппарат қызметкерлері атқаратын мемлекеттік қызмет көрсету түрлері жоқтың қасы дегенмен, аппарат қызметкерлері халықпен жұмыс жасауда ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтап, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты тұрақты жұмыс атқарып келеді және тоқтатпақ емес.

 

Ғ.МӘУЛЕНҚҰЛОВ,

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданы әкімі

 

Последнее изменение Четверг, 20 Декабрь 2018 12:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.