Версия для печати

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға кімдер қатыса алады?

Среда, 16 Январь 2019 05:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4297 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Өзге санаттағы адамдарға:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;
7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар жатады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы);
3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін);
4) білім туралы құжаттың (диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
5) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданған кейін ұсынылады).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.