Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған 13 жасар Бақытжан Беркімбайды қалалық ТЖД басшылығы арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Департамент бастығы Нұрболат Дербісов «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау үшін еліміздің ІІМ атына және арнайы алғыс хатпен марапаттау үшін қалалық әкімдікке ұсыныс жолданғанын жеткізді.
– Бақытжан келешекте бізге құтқарушы болып келеді деп сенеміз. Мұндай жігіттерге біз арнайы оқу орнына бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті үлкен ерлік деп айтар едім. Ата-анасына және ұстаздарына алғыс айтамын, – деді Нұрболат Дербісов.