Версия для печати

«ДЭФ ЖБҚ «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы

Среда, 13 Март 2019 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3021 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Жыл сайын 35 жылдан аса Дүниежүзілік экономикалық форуммен елдердің бәсекелестік рейтингі құрастырылады. Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі (ДЭФ БҚЖИ) дүниежүзілік әйгілі рейтинг болып табылады.

ДЭФ ЖБҚ индекстерінің көрсеткіштерін барлық бағыттар бойынша жақсарту барлық мемлекеттік органдардың міндеті. Осылай ДЭФ ЖБҚИ ҚР орнын жақсарту мақсатында, ҚР Үкіметі ДЭФ ЖБҚ индекс көрсеткіштерін жақсарту бойынша арнайы Жоспар бекітілді.

Жоспар бойынша Әділет Министрлігі 4 индикатор бойынша негізгі орындаушы: меншік құқығы, әкімшілік реттеуде заңдылықтың тиімділігі, дау сұрақтар шешкен кезде заңдылықтың тиімділігі, зияткерлік меншікті қорғау.

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау сұрақтарына біздің елімізде ерекше көніл бөлінеді. Зияткерлік меншік саласында заңдылықты жетілдіру және құқық бұзушылықты анықтау шаралары қабылданады.

Зияткерлік меншік саласындағы өзекті мәселелердің бірі- зияткерлік меншік объектілерінің пайдаланушылары болып табылатын кәсіпкерлердің, сонымен қатар шығарма авторларының құқық сауаттылығының жеткіліксіздігі зияткерлік меншік объектілерді қорғау және сақтау үшін іс-шара қабылдамайтыны.

Бүгінгі күнде ҚР Әділет Министрлігімен ДЭФ БҚЖИ рейтингте ұстанымды жақсарту үшін және бәсекеге қабілетті 30 дүниежүзілік елдердің біріне кіруін қамтамасыз ету үшін барлық іс-шара қабылдануда.

Зияткерлік меншіктің құқықтарын қорғау біз өмір сүріп отырған қазіргі таңда шығармашылықтарды және жаңашылдықтарды ынталандыру мен қолдаудағы басты элемент болып отыр. ДЭФ ЖБҚ рйтінгісінде тауарлар саудасы және қызмет көрсетулердің жаһандануы егеменді елдердің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық-келісілген талаптарды сақтау мен орындаудың маңыздылығын талап етті. Қазіргі таңда Дүниежүзіліксауда  ұйымының   барлық  мүшелерін  байланыстыратын  айрықша  маңызды және  көптарапты халықаралық  Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім болып табылады. Бұл Келісім Дүниежүзілік  сауда  ұйымының  мүшелерін біріктіретін 18 келісімнің бірі болып саналады.  Қазақстан да осы ұйымға  кіру туралы шешім қабылдады. Сондықтан ұлттық заңдардың сәйкестігі мен адекваттығын және ең төменгі критерий ретіндегі тәжірибесін бағалау үшін Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері Келісімнің талаптарын қолдануға болады. Келісім өндірістік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы мен Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына Қазақстан қосылған негізгі екі халықаралық келісімдерден тұрады.

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы келісімдер топтамасына кіретін Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімнің кіріспе бөлімінде қамтылған. Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім мемлекеттің зияткерлік меншік объектілерін тиісінше сақтауды және қорғауды қамтамасыз етудегі белсенді рөлін көздейтін тәсілге негізделеді. Сондай-ақ, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің нарығына тауарлардың өзара қолжетімділігін айтарлықтай жеңілдетеді. Мәселен, техниканың тұрақты дамуы, зияткерлік меншік құқықтарының жиі бұзылуы, зияткерлік қызмет нәтижелерін  алу мен пайдаланудағы проблемалардың болуы, авторлар мен инвесторлардың шығармашылық еңбек пен салынған капитал үшін әділ сыйақы алуға мүдделілігі жағдайында мемлекеттің зияткерлік меншік саласындағы рөлі күшейіп келеді. Бұл бағытта кезең-кезеңімен тиісті жұмыс жүргізіліп келеді. Мәселен, соңғы онжылдықта зияткерлік меншік туралы ұлттық заңнамаға халықаралық актілерге сәйкес келтіру мақсатында бірнеше рет түзетулер енгізілді. Көбінесе әлеумет халықаралық келісімдердің және шарттардың, конвенциялар мен хаттамалардың рөлін дұрыс түсінбейді. Сондай-ақ, осы халықаралық заңдар мен ұлттық заңдарды және олардың ұлттық егемендікке әсері арасындағы байланысы туралы қате пікірлер кең таралған. Яғни, бұрынғыдай зияткерлік меншікті қорғау азаматтардың және коммерциялық кәсіпорындардың емес, қуатты ірі мемлекеттер мен трансұлттық бірлестіктердің айрықша құзыры деген кең пікір қалыптасқан. Бұл мемлекеттің зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөнінде барабар шаралар қабылдап жатқанын растайды.

Еліміздің экономикасының өсуіне, зияткерлік еңбектің маңызы аса зор. Яғни, экономиканың өсуіне, оның әлемдік нарық құрамына енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялық базасын құруға ықпал ететін зияткерлік меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.

Сондықтан, мемлекеттің міндеті-барынша зияткерлік шығармашылықты көтермелеу, сонымен қатар, тиімді авторлық құқықтық қорғау арқылы және қосаралас қалыптасуы мен индустрия мәдениеті дамуына, шығармалардың кең таратушылығына және авторлардың тіршілік етуге қажетті қаражаттарымен қамтамасыз етуге, жаңашыл өнертапқыштарды  қолдауына мүмкіндік беру болып табылады.

 

Ордабасы  аудандық  әділет 

басқармасының  бас  маманы 

Ф.Шохаева

«Қазақстан  Заңгерлер  Одағы»  РҚБ,

Түркістан  облысы филиалының  мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.