2018 жылы Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен ерекше тәртіппен 79 жалпы білім беру мектептеріне тексеру жүргізілді, тексерумен қамтылуы – 79,8%. Сонымен қатар, 216 мектепке дейінгі ұйымдар(82,4%), 79 мектеп асханалары (53,4%) және 16 интернат (72,7%) тексерілді.
Тексеру қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдылықтардың бұзылғандығы анықталуына байланысты 390 айыппұл, жалпы сомасы 10594025 теңге салынды. Кемшіліктерді жоюға нақты орындау мерзімдері көрсетіліп, санитариялық ұйғарымдар берілді. Сот органына жеке «Зерек» балабақшасын жабуға материал тапсырылып, сот шешімімен жұмысын уақытша тоқтатуға қаулы шығарылды. 51 қызметкер жұмыстан шеттетілді.
Санитариялық талаптардың негізгі бұзушылықтары болып табылғаны: оқушылардың бой-жас ерекшеліктеріне қарай мектеп парталарын таңбалау талаптарының сақтамауы, ылғалды жинау режимінің сақталмауы, кейбір азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарының болмағандығы, өндірістік зертханамен бақылау жүргізуге келісім шарттарының мерзімі өткендігі және басқа да кемшіліктер.
Бұдан басқа, департаментпен оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыруға мониторинг жүргізілді. 2018 жылы 127 мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылды, 9 мектепте буфеттік тамақ ұйымдастырылған, ал 4 мектепте (№№ 95, 115,121,123) ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.
Алдын алу шаралардың маңыздылығын кеңінен түсіндіру мақсатында, білім басқармасымен бірлесіп, мектеп директорлары және мектеп асханаларын жалға алушы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен «Оқушыларға тиімді тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді.
2018 жылы өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында білім беру нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау тақырыбында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді: телерадио-сұхбат беру – 27, радиодәріс – 7, интерактивтік тақта – 59, дөңгелек үстел – 2, мақала – 10, дәріс – 274. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салуаттылығы салаласындағы заңдылықтардың бұзылғандығы анықталған жағдайда, Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарласуларыңызға болатындығын ескертеміз.
Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Д. Қонаев даңғылы, 27. Тел. 8(7252)30-03-04, E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .