Версия для печати

Елбасы есімі – болашақ ұрпаққа үлгі: «Азия Trafo» ұжымының қазақстандықтарға үндеуі

Пятница, 22 Март 2019 04:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2401 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

 

Қазақстанның арғы-бергі тарихы Сізбен тікелей байланысты. Сіздің есіміңізбен тұтас мемлекетіміз, оның тәуелсіздігі, дамуы мен тарихы қабысып жатыр. Сіз біз үшін тек ел басқарушы адам ғана емес, Сіз - Тұңғыш Президент, ең жарқын және танымал тұлға, ұлы саясаткер, данагөй қария, сондай-ақ әлем елдерінің алдында Қазақстанды мойындатқан адамсыз.

 

 

Елбасының елімізді қиын-қыстау кезеңде "досқа - күлкі, дұшпанға" таба қылмай алып шыққанын мойындауымыз керек! Бүкіл еліміздің тәуелсіз және бақытты өмір сүруі Сіздің күш-жігеріңізбен жүзеге асты.

 

 

Мәселен, біз жұмыс істеп, несібемізді айырып жүрген индустриялық-инновациялық жобалар саласы да өзіңіздің басшылығыңызбен, кезең-кезеңімен дамудың даңғыл жолына түскен. Шымкент қаласындағы "Азия Trafo"трансформатор өңдеу зауыты - Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс ошағының бірі. Бүгінде трансформатор зауытының өнімдеріне шетелдерде сұраныс артуда. Бір ғана өндіріс орнының бүгінгі кескін-келбеті Елбасының бағытымен айшықталып отыр.

 

 

Енді еліміздің Бас қаласына сіздің есіміңіздің берілуін құптаймыз! Біз сізбен қалай мақтансақ та жарасады. 30 жыл бойына тұтас елді бейбіт жағдайда басқарып келгеніңіз үшін соңында осындай леп белгінің тұруы заңдылық деп ойлаймыз.

 

Біздің астанамыз - Нұр-Сұлтан деп аталса, қандай ғанибет!..

 

 

Өзіңізге деген ізгі құрметпен:

 

"Азия Trafo" трансформатор өңдеу зауытының ұжымы

Последнее изменение Пятница, 22 Март 2019 05:09
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.