Версия для печати

«Дары Сайрама» ЖШС ұжымы: Нұр-Сұлтан қаласы – біздің мақтанышымыз

Суббота, 23 Март 2019 11:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2318 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Тұңғыш Президенттің жетекшілігімен Қазақ елі бағындырған шыңдар жетерлік. Толайым табыстардың тізбегінде басты құндылығымыз – Тәуелсіздікке қол жетіп, ғаламның саяси картасында Қазақстан Республикасы деген алып мемлекет дүниеге келді.

 

 

Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жер­дің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Мемлекеттіліктің атрибуттары – Ту, Елтаңба, Әнұран бекітіліп, айналымға төл валютамыз – теңге енгізілді. Тәуелсіздіктің символы – арман қала Елорда тұрғызылды.

 

 

Буыны енді беки бастаған жас мемлекет алғашқы күндерден-ақ бейбітшілік пен келісімді бағдар етіп бекітіп, әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестірген қуатты елге айналды.

 

 

Ұлтын сүйген Ұлт Көшбасшысы алпыс жыл бойы Абай мен Шәкәрім сынды даналар дүниеге келген Семей топырағын улап келген ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып тарих қойнауына енді.

 

 

Бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымдарының мінберінен жаһандық қауіпсіздікті сақтау жөнінде бастама көтеріп, жаһандық ядролық сынақсыз аймақ құру жөнінде ұсыныс жасады. Астана төрі халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі келіссөздер жүргізу алаңына айналды. Әлем халқы Қазақстанның батыл бастамаларына қолдау көрсетіп келеді.

 

 

Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылды. Бейбіт саясат пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды.  Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін болжайтын дана саясат ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің қатарына қосты. Қазақстан кешегі тоталитарлық жүйенің түйіндерін шешіп, зайырлы, құқықтық мемлекетке айналды, діни толеранттылыққа қол жеткізді. Бүгінде Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт және келісімде тұратын алып мемлекет. Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі.

 

 

Елордамыз жаңа Нұр-Сұлтан атымен Қазақстанды танытатын бас қалаға айналады. Ел имиджі көп жағдайда астанасына байланысты болады, сондықтан да қаланың өз атына сай болуы аса маңызды. Ал Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның дауына жол ашады деп сенеміз.

 

 

Құрметпен, «Дары Сайрама» ЖШС ұжымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.