Версия для печати

Ұлт көшбасшысына – мың алғыс! Избранное

Среда, 27 Март 2019 04:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2057 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттіктер елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайды. Осыған орай қалада түрлі акциялар ұйымдастырылды.

DSC 1542

Алдымен Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Ұлт көшбасшысына – мың алғыс!» акциясы өтті. Іс-шараны оқу орнының жастары ұйымдастырған.

Акцияға түрлі ұлт өкілдерінен 400-ге жуық белсенді жас қатысты. Студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтып, флешмоб өткізді, қолдарына жазу ұстап, қозғалыспен «Мың алғыс» сөзін бейнеледі.

Бұдан кейін Арбат демалыс аймағында «Бас қаламыз – Нұр-Сұлтан» акциясы өтті. Іс-шара барысында шымкенттік зиялы қауым өкілдері ел астанасы атауының өзгеруіне байланысты оң пікірлерін айтып, қолдау білдірді.

Олар егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Жиында сөз алған ел ағасы Бекет Тұрғараев, №66 «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Татьяна Мартыненко, «Жас Сарбаз» әскери патриоттық ұйымның басшысы Адамбек Баймұрза қала тұрғындарымен бірге «Жасасын, Нұр-Сұлтан!», «Алға, Қазақстан!» деп ұрандады.

DSC 4134

Мерекелік акция аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Онда Ернар Айдар, Еркін Нұржанов, «Өркен» отбасылық квинтеті мен Асыл Жандаулетов және қалалық мәдениет үйінің әртістері өнер көрсетті.

Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кешке жиналған көпшілік қауым Елбасының есімі ұлықталғанына ризалықтарын білдіріп тарқасты.

Елбасыға қолдау көрсеткен акцияның ең ауқымдысы мерекелік концертте болды. Ashyq aspan халықаралық фестивалінің аясында белгілі әнші Назиманың концерті өтті.

Концерттің ашылуында көпшілікті мерекемен құттықтаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов және көпке танымал хит әндерін орындаған шымкенттік өнерпаз елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдайтындарын айтты.

Олардың үндеуін іліп алып кеткен 20 мыңнан астам халық «Нұр-Сұлтан, Қазақстан, жасасын!» деп дауыстап, қолдайтындарын білдірді.
Айта кетейік, Ashyk aspan фестивалі Шымкентте екінші рет өтіп отыр. Биылғы фестивальге 11 елдің командалары қатысты. Ал үшінші мегаполис әуе шарлары фестивалінің орталығы деп танылып отыр.

Азамат ЖАППАР,
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.