Шымкент қаласының спортшылар қауымы Елордада 23 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясының съезінде Елбасы Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындары жөнінде мәлімдейді.
Елбасы өзінің 19 наурыздағы мәлімдемесінде жас ұрпаққа болашақтың алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіну қажеттігін ұқтырды.
Осы орайда, біз, Шымкент қаласының спортшылары, Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыруға дайынбыз!
Мемлекет тарапынан спорттық инфрақұрылымды дамытуға тиісті көңіл бөлініп отыр. Бұл шаралар халықтың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын сақтауына оң септігін тигізеді деп санаймыз.
Біз билік сабақтастығы мен еліміздің баянды болашағы үшін 9 маусымда өтетін Президенттік сайлауға барша қазақстандықтарды қатысуға шақырамыз.