Версия для печати

Қасірет зардабы ұмытылмас...

Пятница, 31 Май 2019 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2777 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Тарихтың осы бір қасіреті тарих жадынан өшпек емес. ҚР Тұңғыш Президентінің 1997 Жарлығымен жыл сайын 31 мамыр елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді.

Репрессия

Қазаққа төнген қасірет басқа ешқандай елдің басына түспеген. Тарихшылардың мәліметі бойынша, 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мың адам ату жазасына кесілді.

Нәубет жылдары «Алаш Орданың» көсемдері де жаппай қамауға алынып, қазақтың бас көтерер тұлғалары жазықсыз атылып кетті. Олардың арасында Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев, І.Жансүгіров, А.Розыбакиев, С.Асфендияров және тағы басқа да зиялы қауым өкілдері болды.

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен аналары да жаза арқалап кете барды. Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, әйелдер қамалған ақмолалық «АЛЖИР» лагері тарихта қанды атауымен қалды.

Тарихи деректер бойынша Қазақстанның Оңтүстік өлкесінде 7 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олар туралы барлық мәлімет Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде сақтаулы. Мамандардың айтуынша, сол жылдары екі жарым мың адам Қайтпас шағынауданындағы қаралы сайда атылған.

Қазір осы маңдағы «Қасірет» мемориалдық кешенінде жыл сайын қаралы күнге байланысты митинг өтеді.
...Бүгінгі ұрпақ жазықсыз жапа шеккен қазақ зиялыларын ұмытпайды, еске алып отырады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.