Версия для печати

Арыстағы нысандар қалпына келтіруде Избранное

Среда, 03 Июль 2019 03:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2402 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Арыс қаласын қалпына келтіру штабы жұмыс істеуде. Қалаға Қазақстанның барлық аймағынан мамандар келді.

Арыс 2

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қала 17 секторға бөлінген. Шымкенттің мамандары қалпына келтіретін секторға 579 нысан болса, арасында 449 үй, 130 әлеуметтік нысан, коммерциялық және тағы басқа жылжымайтын мүліктер бар. Жалпы қалада 7 708 үй тізімге алынды.

– Қазір қалпына келтіру жұмыстарының жол картасын жасап жатырмыз. Бұл құжатқа әр нысан бойынша тыңғылықты ақпарат енгізіледі. Шаруашылық жай да кіреді. Келтірілген шығын көлемі, қалпына келтіруге қажет атқарылатын жұмыс мәліметі болады.

Құрылыс басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармаларының мамандары үйлерді алғашқы тексерістен өткізді, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев.

Еске сала кетсек, Арыстағы 449 үйдің 227-ін ағымдағы және күрделі жөндеу қажет. 6 үй толықтай қираған. Ол үйлерді қайта салу қажет. Штаб барлық нысандарды толықтай техникалық тексерістен өткізеді. Шымкент қаласы әкімдігі және Арыс қаласы әкімдігінің қызметкерлері бірге жұмыс істейді.

Шымкент әкімдігі жауапкершілігіне алған сектордың тұрғындары ақаулар жөнінде кез келген сәтте хабарлай алады. Бүгінгі таңда Шымкент әкімдігінің жауапты қызметкерлері үйлерді жөндеуге кірісіп кеткен.

Последнее изменение Среда, 03 Июль 2019 03:51