Версия для печати

Дамудың жаңа кезеңіне қадам басамыз Избранное

Среда, 04 Сентябрь 2019 03:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1995 раз
Оцените материал
(0 голосов)

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауы үлкен стратегиялық маңызға ие. Президент елімізді реформалаудың жаңа кезеңінде түрлі қиындықтардың алдын-алу мақсатында, оның жолдарын іздеп, үлкен бағыт-бағдар беріп отыр.

WhatsApp Image 2019-09-02 at 18.46

Бұл Жолдаудың бұрынғы Жолдаулармен өзара сабақтастығы мен үйлесімдігі бар екендігі жақсы байқалады.Оның ішінде әлеуметтік саланы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту негізгі мәселе болып отыр. Бұл жерде «Nur Otan» партиясына да үлкен жауапкершілік жүктелуде.

Жолдауда айтылған нақты әңгіменің бірі – қазақ үшін ең құнды мәселе – ол жер мәселесі. Біріншіден шетелдіктерге жер сатылмайды. Екіншіден пайдаланбай жатқан жерлердің барлығы мемлекетке қайтарылады. Оған нақты нүкте қойылды.

Жолдауда қазақ халқы үшін өте маңызды мемлекеттік тіл мәселесі айтылды. Мемлекеттік тіл шын мәнінде ұлтаралық қатынас тілге айналуы тиіс деді. Бізге біртұтастықты, ел бірлігін, халықаралық, елдің ішіндегі ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлкен серпін беріп отыр. Ал, экономикалық жағынан бұрыннан келе жатқан қадамдардың кейбір тұстарын жаңадан қарау керек. Мұның барлығына партиялық бақылауды күшейтетін боламыз.

Сондай-ақ, әкімдік пен мәслихаттың арасындағы қарым-қатынас бір сатыға көтерілді десек те болады. Бұл мәслихаттағы депутаттардың халыққа жақындауына әсер етеді. «Nur Otan» партиясының бақылауы, қоғамдық қабылдау нәтижесінде халықтың уәжін жеткізіп, бюджеттен бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалайтын боламыз. Белгіленген мақсаттар, міндеттер бізге анық.

Айта кететін мәселе, әлеуметтік қолдау масылдыққа алып бармауы керек . Бізге қоғамдық қабылдау бөлмесіне көптеген азаматтар әлеуметтік жағынан көмек сұрап келіп жатады. Шын мәнінде, оларға үнемі көмек беріп тұруды ғана емес, тығырықтан шығудың жолын да көрсетеміз. Бұл орайда Мемлекет басшысы түрлі жеңілдіктер мен шағын бизнес жүргізуге микрокредит алуды ұсынып отыр.

Сол бойынша әрекет етіп жатса, біз көмектесетін боламыз.

Қазіргі таңда халықты мазалайтын басты сұрақ — жұмысқа орналасу, әлеуметтік мәселелер болып тұр. Жолдауда айтылған бұл басым бағыттардың барлығы «Nur Otan» партиясының алдында тұрған маңызды міндеттер.
Ел болып бірігіп, Президент Жолдауында айтылған өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашан да дайынбыз.

Бахадыр Нарымбетов,
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық
филалы төрағасының бірінші орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.