Жуырда А. Пушкин атындағы қалалық кітапханасында қарт майдангерлер бас қосты. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының республикалық «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында Қарттар күніне орай кездесу ұйымдастырған болатын.
Соғыс өрiмдей балалар мен жастарды ерте есейттi, дейдi бір топ ардагер. Еріктілермен өткен кездесу барысында олар мұндай алапат шайқасты ендi ешкiм көрмесiн деген тiлегiн де айтты. Сонымен қатар, еріктілер кітапханаға «Жеңіс» фото-бұрышын орналастырды.
Аталған кездесу «Ұлттық еріктілер желісі» Заңды тұлғалар қауымдастығы, «Шымкент қаласының ACCESS бітірушілері «ASАА» Жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімдігі және Шымкенттің американдық бұрышының қолдауымен өтті.