Версия для печати

Мереке – халықтың жеңісі мен жемісі

Пятница, 29 Ноябрь 2019 04:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2730 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! 

Тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы – барлық қазақстандықтар және халықаралық қатынастардағы бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемелді келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлттық және жаһандық деңгейдегі идеяларының маңызы зор. Атап айтқанда, жаһандық қауіпсіздікке үлес қосу, қарулы қақтығыстарды болдырмау, әлемдік лидерлерді бітімгерлікке шақыру, ядролық қарусыздану мәселесін жан-жақты қолдау секілді идеялары мен бастамалары ілемдік қауымдастықта ұлкен қолдау тапты.

Елбасының ерен еңбегінің арқасында мемлекетіміз 2010 жылы 56 алпауыт мемлекеттерді біріктіретін ЕҚЫҰ-на, 2011 жылы 57 мұнайлы державаларды ұйыстырып отырған ИЫҰ-на, 2018 жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті.

Еліміздің барлық салалардағы жетістіктеріне әлемдік деңгейдегі саяси қайраткелер мен сарапшылар Назарбаев феномені деп жоғары баға беруде. Н.Назарбаев экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етті. Біздің басты мақсатымыз – Елбасының дара жолымен,еліміздің құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.

Осы мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, елімізде тыныштық салтанат құрып, көк байрағымыз бейбіт аспанда желбірей берсін, халқымыз бай-қуатты болсын деп тілеймін.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.