Версия для печати

Қоғамда алимент алмаған ана, бағусыз бала, жұбы жараспаған жанұя

Пятница, 20 Март 2020 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2070 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдауында «Балалар –қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын...» делінген.

Конститутцияның 27-бабында неке мен отбасы ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және олардв тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндет делінген. Парызды орындауға міндетті көптеген азаматтар өз ұрпағының буынын бектітіп, бұғанасын қатайтып, иманды тәрбие беріп, Егеменді елге қызмет жасайтын ұлтжанды ұрпақ өсірмек түгілі, балаларын бағып-қағуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етуден қашып жүр.

Бүгінгі күні сот орындаушылардың өндірісінде 270 мың баланы бағып-күтуге арналған алимент өндіру туралы 200 мың атқарушылық өндірістер бар, олар бойынша 8,4 млрд. Теңге алимент қарызы төленбеген. Алимент санының өсуіне негізгі себеп-ажырасудың көбейуі.

Қазақстан 2014 жылы ажырасу саны бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы 10 мемлекеттің қатарына қосылды. Сондықтан соңғы 5 жылда алимент өндіру саны 2 есеге күрт өсіп отыр. Қоғамдағы осы күрделі мәселемен күресуге бір ғана мемлекеттік органның күші жетпейтінін уақыт дәлелдеді.

Сондай-ақ, алиментті толық орындауға мүмкіндігі болса да мардымсыз ақшалай соманы төлеген борышкерлердің де жауаптылығы шешілетін болады. Алиментті төлемеу үшін жалақысын, мүліктерін жасырып қалған, мүліктерін иеліктерінен шығарған, жұмыс орны және өзге кірістер туралы сот орындаушыларға ақпарат бермеген, ақшалай қаражатымен мүліктерін басқа да мақсаттарға пайдаланған борышкерлер жауаптылыққа тартылуда.

Сонымен қатар, 23 427 борышкерге ел аумағынан шығуға тыйым салынып, алимент берешкетерін төлегенге дейін 1546 борышкердің жүргізуші куәліктерін қолдану тоқтатылып, борышкерлердің 1996 дана мүліктеріне тоқтам қойылған.

Алимент төлеуден қашқандарға мәжбүрлеп жұмыс жасату туралы жазаның жаңа Қылмыстық кодекс енгізу және олардың мемлекеттік қызмет түрлерін пайдаланылуын шектеуді күшейту мәселесі талқылануда.

Борышкерлердің жұмысқа орналасу, заман талабына сай әртүрлі мамандықтар алу, алимент қарызын төлеудің басқа да тиімді жолдары жайлы мәселелерін шешіп, кеңес беруге мекеме қызметкерлері әрдайым дайын.

Неке мен отбасы, ана мен әке және баланы мемлекет қорғайды, ал бауыр еті балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеу әрбір ата-ананың міндеті екенін терең түсінуі қажет.

Алимент мәселесінен гөрі неке бұзылуының белең алуы өзекті мәселе.

Отанымызды некенің ажырасу саны бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарынан шығару-ел болып күресетін ауқымды шаруа.

 

 

Шымкент қаласы

Әділет департаментінің

Атқарушылық құжаттарды

орындау жөніндегі

бөлімі-филиалының сот орындаушысы

А.Ж.Тойшибекова

Последнее изменение Вторник, 31 Март 2020 12:25
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.