Версия для печати

100 БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА Избранное

Среда, 29 Апрель 2020 01:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2376 раз
Оцените материал
(0 голосов)

95084298 2513162845663333 7638453178198917120 n

30 жылдан бері ауласында балалар алаңшасы болмаған Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар алаңшасын салу қолға алынды. Әл-Фараби ауданының аумағында салынып жатқан балалар алаңшасының құрылысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов сапаға айрықша мән беруді тапсырды.

Мердігер компанияның өкілдеріне тұрғындардың үйінде отырған сәтін ұтымды пайдаланып, құрылысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды жүктеді.
Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың барлығы – отандық. Ойын алаңшасына төселетін резеңке төсеніш те Шымкентте жасалады.
Әл-Фараби ауданындағы көп қабатты 672 үйдің 400 ауласы бар. Оның басым бөлігіне балалар алаңшасы салынған. Енді 161 үйдің ауласына алаңша салу қажет.
Осыған орай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл аудан бойынша 100 балалар алаңшасы салынуда. Қалғанының құжаттары қаралуда. Бұған қоса спорт алаңшалары да жөнделмек.
Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, ауданда 15 гүлзар мен аллея салу жұмысы да қарқынды жүруде.
Ауданды аралау барысында қала әкімі А.Асқаров көшесіндегі №9 үйдің қазіргі жағдайымен танысты. Тұрғындар өтінішіне құлақ асқан Мұрат Әйтенов сараптама жүргізіп, қажеттілік болса, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жауапты мамандарға жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.