Версия для печати

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер және толықтыруларды енгізу туралы

Четверг, 09 Июль 2020 17:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1875 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

№26

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

 09.07. 2020ж.

 

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі № 44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығының сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы № 23 қаулысының күші жойылсын.

2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 04.07.2020 жылғы №25 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

1) 3 тармақтың 3.5 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін»;

2) 3 тармақтың 3.7 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын»;

3) 3 тармақтың 3.16 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден сағат 21:00-ге дейн жұмыс кестесімен сыртқа шығаруға немесе үйге жеткізу жүйесімен жұмыс жасап жатқан қоғамдық тамақтану объектілерін қоспағанда, ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) жұмысына тыйым салуды»;

4) 3 тармақ келесі тармақшамен толытқырылсын: «3.28. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету».

3. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.