Версия для печати

Ерлік ұмытылмайды

Пятница, 15 Июль 2022 09:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1269 раз
Оцените материал
(0 голосов)

muxtar-karia

Сексен жылдай бұрын жер-дүниені сілкіндіріп, жаңғырығы бүгінге дейін жеткен жаһандық алмағайып оқиғалардың бірі және бірегейі – Ұлы Отан соғысы екені даусыз. Әлемнің 72 мемлекетін тікелей немесе жанама шарпыған соғыс өртінен 62 миллион адам ажал құшқан.

Майдан даласына қазақ жерінен 2 миллионға жуық адам алынған. Олардың 600 мыңнан астамы жандарын пида етсе, қаншасы хабар-ошарсыз жоғалып кетті?! Отан қорғауға аттанған ерлердің бастарына амандық беріп, көрер жарығы мен татар дәмі таусылмағандары елге оралып жатты.

Осындай қаһарман азаматтарымыздың бірі Сейдуалин Мұхтар атамыз – Ұлы Отан соғысының ардагері, шайқастағы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» медалімен марапатталған батыр, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалін тағынған еңбек майталманы. Майдангер Түркістандағы педагогикалық училищені, Шымкент пединститутын, Алматыдағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын «Социалистік қоғам» (қазіргі «Қызылсеңгір») мектебінде мұғалім болып бастап, әр жылдары Көлтоғандағы – М. Ломоносов (қазіргі Е.Ерназаров), Темірландағы Амангелді, Көктөбедегі Н.Нысанбайұлы атындағы орта мектептерде директор, кәсіптік-техникалық училищеде директордың орынбасары, Арыс қалалық партия комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарған.

Мұхтар қарияның өмірлік серігі Тұрсын Мүтәліпқызы – өмірге он бала әкеліп, «Батыр ана» атанған ақ жаулықты, асыл тілекті ана. Ата жолын жалғаған ұл-қыздары Үрзапран, Ғазима, Нәписа, Күлайша, Талған, Бекзат, Бақтыгүл, Әсемгүл, Айгүл – ұстаздықты ұлағат еткен білім саласының қызметкерлері.

– Әкемнің бауыры Шәмен Сейдуалив майданға аттанып, хабар-ошарсыз кетті. Ал, Сабыр Сейдуалиевтің атына «қара қағаз» келіпті. Елі үшін жанын қиған аталарымыздың ерлігін ұмытпаймыз. Жыл сайын Жеңіс күнінде еске алып, ұл-қыздарым мен немерелеріме ардагер-әкем Мұхтар, ағаларымыз Шәмен мен Сабырдың ерлігін үлгі-өнеге етіп айтып отырамын, - дейді Үрзапран Мұхтарқызы.

А.МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.