Версия для печати

Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу мәселелері

Четверг, 09 Февраль 2017 05:13 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3952 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жариялап, билік тармақтарындағы өзгерістерге тоқталды. Президенттің арнайы үндеуін тыңдай келе, бұл Президенттің мәлімдемесінде айқындалған өзгерістер - жай ғана өзгерістер емес. Жаңа жаңаруда емес, бұл - конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Бүл негізінен еліміздің дамуындағы аса маңызды парасатты қадам. Елбасымыздың үндеуінде айтылған өзгерістерге келетін болсақ, Біріншіден Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беру. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз етіледі. Үкіметке немесе Парламентке берілетін 40 шақты өкілеттік бар.

Екіншіден, одан да күрделі міндет - билік тармақтары арасындағы карым- қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтіледі. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады.

Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ. Үкімет мүшелеріне Парламент палаталары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатылады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Үкімет толық жауапкершілікте болатындай, мемлекеттік бағдарламаларды бекіту тапсырылады.

Үкіметтің өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру мен тарату күқығы беріледі. Президент Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінің іс-әрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады. Мүның бәрі атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкілеттіктер береді.

Қазақстан Республикасының Президентімен ұсынылып отырған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, конституциялық реформалардың жобасы Президенттің 2017 жылғы 25 қаңтар №141 Жарлығымен жалпыхалықтық талқылауға ұсынылды.

Аталған Жарлыққа сәйкес «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңының жобасы бүкілхалықтық талқылауға шығарылып, ол 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізіледі.

Бұл елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнайы үндеуінде айқындалған бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастыруда және дамытуда мемлекеттік саясаттың қисынды жалғасы болып табылады.


 

С. Акбаров,
Шымкент қаласы Абай аудандық
әділет басқармасының басшысы,

 «Қазақстан Заңгерлер Одағы» РҚБ мүшесі

 

Последнее изменение Понедельник, 13 Февраль 2017 06:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.