Елімізде қазіргі таңда контрафактілік өнімдер және зияткерлік меншікті заңсыз пайдалану кәсіпкерлікті дамытуға кері әсерін тигізіп отыр. Қазіргі кезде контрафактілік өнімдер көптеген сауда нүктелерінде сатылуда. Ал, лицензиясы бар өнімдер сауда жасайтын нүктелер саусақпен санарлық.

Сол себепті, контрафактілік тауарларды сатып алу қауіпін болдырмау үшін өнімдердің мынадай белгілері бар-жоғын есте сақтап, тексеріп алу қажет:Тіркелген тауар белгісі - тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, көлем белгілері және өзгеде белгілер кез келген бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін. Тіркелген әрбір тауар белгісіне заңды иесі тауар белгісі пайдаланатын өнім толық сипатталатын куәлік алады. Тауар белгісін қорғау белгісі - латынша «R» әріпі шеңберге алынған болуы тиіс. Әрбір тіркеуге алынған тауар белгісінде құқықтық қорғау мен сақтау белгісі болады, ол тауар белгісінің жанына орналастырылады және бұл белгі аталған тауардың қорғалатынын білдіреді. Құқық иеленушінің рұқсатынсыз оның тауар белгісіне ұқсас белгілерді, тауар белгісін дараландыру үшін тіркелген тауар таңбасын немесе біртектес тауарларды пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ, себебі осылайша пайдаланудың нәтижесінде олардың араласып кету мүмкіндігі туындайды.

Құқық иеленуші заңмен қорғалатын және тіркелген тауар белгісін басқа тұлғаға пайдалануға бере алады, алайда ол тиісті құжаттармен (тауар белгісіне берілетін айрықша құқықты иеліктен шығару туралы келісім-шарт немесе тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық келесем-шарт) расталуы тиіс. Мұндай құжаттарды тексере отырып, онда уәкілетті мемлекеттік органның белгісі бар болуы нақтылау қажет, себебі тауар белгісіне айрықша құқық берілу туралы барлық келісім шарт жарамсыз болып табылады.

Осындай кеңестерді ескере отырып, нақты өнімнен жасанды, яғни контрафактілік өнімді айыру қиындық туғыза қоймайды. Тауарлардың тіркелген белгісі немесе соған ұқсас белгілері заңсыз көрсетілген кез келген тауарлар, этикеттер, тауарлардың бумалары контрафактілік болып табылады.  

Қазақстанның тұтыну нарығында, сондай-ақ жалпы әлем бойынша контрафактілік (жасанды) өнім көлемі ұлғаюда. Адамдардың көпшілігі контрафактінің тигізетін залалын сезбейтіндіктен, сапасыз тауарларды өндірушілердің құрбанына айналады. Контрафактілік өнім түпнұсқа секілді қымбат бағада сатылуы мүмкін және керісінше, сатып алушы үнемдеу мақсатында әдейі арзан жасанды затты сатып алады. Қазақстанның тұтыну нарығында сапасы төмен, ал кейде қауіпті өнімнің пайда болуы ұлт денсаулығына залал келтіреді және тұтынушылардың өміріне қауіп төндіреді, мемлекеттің экономикасына, ел беделіне елеулі нұқсан келтіреді.

Мысалы, фармацевтикалық өнімдердің тауар таңбасын пайдаланып, дәрі-дәрмектерді сапасыз өндіру, оны пайдаланушы тұрғынның денсаулығына елеулі кері әсерін беруі мүмкін. Айталық, сіз дәрігердің нұс­қауымен асқазанға емдік әсе­рін беретін дәріні сатып ал­ып пайдаландыңыз. Алайда, сізге бұл дәрі дауа болмай, қайта асқазан ауруын қоз­ды­рып жіберді

Осы кезде сіздің пайда­ланған дәріңіздің таза өнім екеніне күмән туады.   Жал­ған өнімдер туралы хабары жоқ адамдардың кейбірі дәрі­нің кері әсерін өзінің ден­сау­лығынан көрсе, кейбірі дәрігер нұсқауының дұрыс бол­ма­ғандығын алға тартады. Осын­дай жалған өнім әсерінен денсау­лыққа үлкен зиян келіп, адам­ның сау органы ауруға шал­дығуы да әбден мүмкін.

Қазақстандық нарықта танымал әлемдік брендтердің жасанды тауарларының саны көп. Жасанды тауарлар нарыққа әлдеқашан шыққан және бір-бірімен бәсекелес. Контрафактілік өнімнен айыруға  құқық иеленуші компаниялардан (бренд иесінен) өзге ешкім қызығушылық танытпайды.  Компания өзі жеке немесе өзінің өкілі арқылы елдегі мемлекеттік органдарға немесе сотқа жүгіне алады және осыдан кейін құқық иеленушінің арызы бойынша ғана құзырлы органдардың бұзушыларға қарсы  әрекеттерді жасау құқығы пайда болады.

Қорытындылай келе, әр тұтынушы өзіне қажетті заттарды аларда оның баға­сына, сапасына және тауар таңба­сына назар аударғаны жөн.

 

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

әділет басқармасының жетекші маманы

Т.Бекмурзаев

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысының екінші оқылымында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар жобалары мақұлданған болатын.

Аталған заң жобасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша және 2017 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Заң жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылды.

2018 жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң халықтың әлеуметтік жағынан қоғалмаған топтарына тегін құқықтық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін білікті заң көмегін алудың конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Заң 4 бөлімнен, 7-тараудан, 98-баптан тұрады.

Заңның 1 бөлімінде негізгі ережелер, заң көмегін көрсетудің қағидаттары және түрлері, кешенді әлеуметтік заң көмегі, Үкіметтің және уәкілетті органның заң көмегін көрсету саласындағы құзіреттілігі айтылған.

2 бөлімінде «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Заңының ережелері сақталған.

3 бөлімінде адвокаттық қызметті жетілдіру бойынша ережелер бар.

Заңның  4 бөлімінде заң консультанттарының құқықтық мәртебесі және заң консультанттары палатасының қызметінің ережелері көрсетілген.  

Заң азаматтардың білікті заң көмегін алу үшін конституциялық құқықтарын іске асыру кезінде құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге және оның құқықтық механизімін жетілдіруге бағытталған.

Заңның негізгі ережелері болып кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету және әлеуметтік  және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң кеңсесінен оның құқықтық жағдайын толық сүйемелдейтін заң көмегін алу көзделген.

Мұндай көмек тараптардың келісіміне қарай ерікті және ақысыз көрсетіледі.

Кіру жарнасын алып тастау адвокат кәсібіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді, адвокаттың кәсібіне және бәсекелестікті көтереді және адвокаттар санының көбеуіне алып келеді.

Адвокаттардың бірден бір жетіспеушілігінің себебі болып, өз кезегінде үміткерлер үшін кіру жарнасының көлемінің ауырлығына байланысты болған, яғни осы күнге дейін кіру жарнасының көлемі 700-800 мың болған.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін адвокаттық қызметпен лицензия алу құқығына 10 588 лицензия берілген.

2018 жылдың 1 сәуіріне дейін адвокаттық қызметпен айналысып жатқан адвокаттар саны 4733 (2017 жылы-4 634), былтырғы жылмен салыстырғанда 99 адвокатқа көбейген. Соңғы төрт жылда адвокаттар саны бар-жоғы 7-8 % көтерілген (300-400 адвокатқа).

Заңдағы мүліктік кедергіні алып тастау адвокаттық қызметке деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді, жас заңгерлердің адвокат кәсібіне кіруіне мүмкіндік береді және адвокаттар арасында бәсекелестік көтеріледі.

Жаңа заңда аттестация өткізу тәртібі және адвокаттың кәсіби біліктілігін қарау тәртібі қарастырылған.

Қазақстанда адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырылмаған. Дамыған елдерде, мысалыға АҚШ, Франция, Ұлыбритания елдерінде адвокаттардың кәсіби біліктілігін жүйелі және тұрақты түрде көтеру міндеті заңмен бекітілген.

Жаңа заңда адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында адвокаттардың біліктілігін көтеру механизмі қарастырлыған, нәтижесінде адвокаттық қызметтің сапасы және бәсекелестік артады.

Адвокаттардың жыл сайын кәсіби біліктілігін көтеру міндетін енгізу бұл тек заң кәсібіне деген қажеттілік емес, бүгінгі жағдайдағы ажырамайтын бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ Заңда адвокаттар алқасын басқару органдарының уақытына шектеу қою тәртібі көзделген. Адвокаттар алқасында басшылықтың ауысуы сирек кездеседі. Қазақстандағы адвокаттар алқаларының төрағалары орташа алғанда өз қызметінде 20-25 жылдан бері атқарып келе жатыр. Басқару органдардарында қызметін жалғастыру кәсіби қоғамдағы реттеу тәсіліне жағдай туғызбайды.

Заңда адвокаттық ордерді алып тастау көзделген. Адвокаттық ордерді пайдалану тәжірбиесі тиімсіздігін және ескіргендігін көрсетеді.

Дамыған елдердің құқықтық дәстүрінде ордер ұқсастығы көзделмеген. Адвокаттық ордерді алып тастау адвокатураның қызметін оңтайландырады, оның ішінде адвокаттардың адвокаттық ұйымның басшысына тәуелділігін алып тастайды, адвокаттардың қаржылық және уақыттық шығындарын қысқартады.

Сондай-ақ жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің қызметін реттемелеу қарастырылған.

Бүгінде сотта кез-келген жоғарғы білімі бар адам азаматтардың мүддесін білдіреді. Мұндай көмек кей жағдайда сапасыз болып қалады да, соның салдарынан азамат өзінің құқықтарын қорғай алмайды.

Сондықтан заңгерлік көмек алушыларндың мүддесін білдіретін тұлғалар заң консультанттарының  палаталарының құрамында болуы міндетті.

Жеке тәжірбиемен айналысатын заңгерлердің өзін өзі реттеуі заң қызметінің сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.

Сонымен қатар, адвокаттарды сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін жауапкершілікке тарту механизмі қарастырылған.

Қазақстанда адвокаттармен ұсынылатын кәсіби қызметін сапасына тиімді бақылау жасау карастырылмаған.

Соңғы 4 жылдағы адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) түскен шағымдар саны 700 ден аса болған болса, оның ішінде көп жағдайда жақсы деңгейдегі заң көмегін қалайтыны көрсетілген.

Адвокаттардың әрекетіне (әрекетсіздігне) түскен шағымдардың көбейуі заң көмегінің көрсету сапасының төмендігін, соның салдарынан төленген гонорарды қайтарып беруі мәселесі көрсетіледі.

Ал қалған арыздар адвокаттардың сотта өзін дұрыс ұстамау, сот  отырысына келмей қалуы, істі созу сияқты және т.б. қатысты түскен.

Адвокаттардың кәсіби және этикалық жүріс тұрысының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында тәртіптік өндірісті объективті және жан-жақты қарау үшін тәртіптік комииссияның екі деңгейлі жүйесі қарастырылған. Адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынымы бойынша бес жылдан кем емес адвокаттық практика өтілі бар 6 адвокат, уәкілетті органның 3 өкілі, отставкадағы 2 судья енгізіледі.

Адвокатурада жаңа технологияларды пайдалану дамымаған, бұл осы заңда шешімін табатын болады.

 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

әділет басқармасының іс-қағаздарын

жүргізу жөніндегі инспекторы

Жазира Ауелтаеваның

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі.

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы»

Среда, 16 Январь 2019 00:00

Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев тапсырған, бес институционалдық реформаларды іске асыру үшін 100 нақты қадамды анықтап берген, жалпыұлттық  жоспарды  жүзеге асыру барысы толықтай жүргізіліп келеді.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясының көтерілуі басым бағыттардың бірі болып табылады. Жоба «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға және мемлекеттік саясатты индустрияландыру қажеттіліктеріне жауап беретін, жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтар қоғамындағы әйгілілікті және беделдерін арттыруға бағытталды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамалық бағдарламасының мақаласында  Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын жариялады және оны республиканың әлеуметтік жаңғыртылу саясатының негізі деп атады. Елдің әлеуметтік жаңғыртылуының мәні біреудің асырауында болушылықтан белсенді өмірлік орнына жетуге – азаматтардың санасын түбегейлі өзгерту тұспалданады.  

«Бүкіләлем бұл тұтуыну идеологиясы құртатын болып табылатынына, барлық әлем ерекше шеленіске көздерін жеткізді. Ол әлемнің дамыған елдерінде бұқаралық әлеуметтік біреудің асырауында болуды тудырды және дағдарыстың ең басты себебінің бірі болып табылады. Бұндай жалған идея тек қана бүкіләлемде емес сонымен қатар дамыған елдерде де іске асырыла алмайтын, құрылымдық баламаны тауып алуға болады. Бұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясы болып табылады», - деді мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев.

Оның пікірінше, шетелдік тәжірибе осы үдеріс азаматтардың күшеюін қолдайтынын, олардың шығармашылықты шамаларына шатынын көрсетеді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің мақаласында - адамдардың өз құқықтары мен еркіндіктерін белсенді қорғауға деген ұмтылысын көбейтеді, қоғамды өздігінен ұйымдастыру деңгейін арттыратынына тоқталып кетті.

Ол сондай – ақ қоғамда мемлекеттің шексіз емес екенін, ол азаматтардың жағдайының жақсаруына ықпал ететін серіктес деп түсіну керек екенін айтты.

Сондықтан да Президенттің Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеясын құру туралы  идеясы өзінің мазмұны мен мағыналық жағынан ұлттық трендті көрсетеді. Бұл әр қазақстан халқы үшін де, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар үшін де әрекетке өзгеше жетекшілік ету.

Осы стратегиялық құжаттағы да мемлекет басшысының біздің елді дамыту бағытын дұрыс алып келе жатқанын көрсетеді. Бұл құжат маңызды және өзекті салаларды – еңбекті, білімді, жастардың әлеуметтік бағыттарын, денсаулықты, үй мәселелерін қозғайды.

Сондықтан елімізде жаңа мектептер,  ауруханалар, мәдени орталықтар салынып жатыр, бұған мемлекеттік кешенді бағдарламалар бағытталды. Әлемдік экономикадағы белгісіздікке қарамастан, оның ішінде сыртқы нарық, Қазақстан оң өзгеріске қол жеткізіп келеді.

Шымкент қаласы 

Еңбекші ауданының әділет 

басқармасының бас маманы 

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» 

РҚБ-нің мүшесі М.Маматаева

Шымкент қаласында өткен жылы жалпы алаңы 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал қалада жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов мәлімдеді.

Аппарат жиналысы

Шымкент қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар екенін жеткізді.
– Өнеркәсіп өнімінің көлемі 476 млрд теңге болып, 2017 жылға өсімі 104,5% құрап, жоспар орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 104,9% құрап, жоспарға қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға 100,3% құрады. Қалаға бағытталған инвестиция көлемі 2017 жылдан 2,5 есеге артып, жоспар асыра орындалды, - деді басқарма басшысы.

Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Өзге санаттағы адамдарға:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда, сондай-ақ қалпына келтіру емін жасайтын және медициналық оңалту ұйымдарында оқитын балалар;
7) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
8) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар жатады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.
Бағдарламаға қатысу үшін қандай құжаттар ұсыну керек?
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрақты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы);
3) еңбек кітапшасының көшірмесі (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыс істейтін адамдар және жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлер үшін);
4) білім туралы құжаттың (диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;
5) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі (Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы шешім қабылданған кейін ұсынылады).

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында түпкі мақсат дамыған елдердің отыздығына экономикалық, әлеуметтік және ең бастысы ұлттың рухани жаңғыруы тұрғысынан ену екені нақты айтылды.

88888888

Әрине, бұл бәсекеде өзгелер де қарап отырмасы анық. Біздіңше, ұлттың осы бәсекеге қабілеттілігін барынша арттыра түсетін қуаттың өзі ұлтымыздың рухани әлемімен тікелей сабақтастықта жатыр. Сол қуат көзіне жалғасу сол ұлттың рухы мен руханияты туралы біздің алған білімімізге және соның негізінде өзіміз өмір сүріп отырған уақыт пен қоғамның келешегі жайлы бүгінгі күнгі атқарып жатқан істеріміздің өміршең және өткінші тұстарын санамен екшей алуымызға тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан сол мақсаттарда, яғни мемлекеттің, ұлттың ішкі қуатын арттыру жолында талай шаруалар жасалды, жасалу үстінде. Ол істерде біздерге тарихтың талайынан өтіп өміршеңдік танытқан дәстүрлі ата-бабалар жолы мен бүгінгі дамудың даңғыл жолын тапқан елдердің озық тәжірибелері шамшырақ болғанын да жоққа шығаруға болмас. Елдегі сол атқарылған жұмыстар нәтижесінде бірнеше ұлт пен діндердің бірге қатар өмір сүріп қана қоймай, жалпы адамзаттық рухани үйлесімділікті дамытуда халықаралық деңгейде үлгі бере алатын елге айналдық.
Жалпы алып қарағанда бұлай даму мүмкіндігі көптеген елдердің еншісінде бар болатын. Іске асырушы біздің ел болғаны мақтаныш сезімдерін тудырады. Өйткені, бұндай қиын істе ел басқарған жекеленген тұлғалардың тұлғалық қасиеттерінің де маңызды рөлін айту керек шығар. Дегенмен сол тұлғалардың өзіне күшті қуат пен мүмкіндік беретін рухани қуатты бай, әрі терең ел ғана өзгелерді өзіне еріксіз тарту күшіне ие екендігін есте ұстаған жөн. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сонау 1995 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) сияқты ерекше институттың жұмысы мен тынысына кең жол ашуға бел байлағанда өз ұлтының осындай ішкі қуатының барлығы мен сөнбегеніне сенгені анық. Нәтижесі белгілі. Әлем алдында рухани дүниесі бай, гуманизмге қызмет еткен халық ретінде мойындалдық десек артық айтқандық бола қоймас.
Әлемдік тарихта басқа ұлттар арғы бабаларының өзгелерге жасаған қиянаттарына «қызара кешірім сұрап» немесе ондай жайттарға орай «үнсіз» қалып танытып, айналып өткісі келіп отырған тұста, бұл мәселелерде біздің өткен тарих үшін де, бүгінгі саясатымыз үшін де жүзіміз жарық. Өйткені қазақ ешкімге қиянат жасаған ұлт емес, керісінше қиналған, «қуғын-сүргін көргендерді» шамасы жеткенше демеп, бауырына баса білген халық. Осындай кездерде Елбасының «қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ» деген сөздері еріксіз оралады екен. Керісінше, қазаққа алғысын шын жүрегінен айтып жатқан елдер көп. Тіпті өз кезегінде саяси мәртебеге ие болған жоғарыда аталған ҚХА елдегі тұрақтылықты сақтауда ғана емес, заң шығарушылық істерде де белсенділік танытып, осы ұйымның бастамасымен ортақ тарихымыздағы қазақ халқының өзге ұлттарға деген гуманистік қарым-қатынасының өтеуі іспетті ізгі ниеттен мемлекетімізде қазақ ұлтына деген «алғыс айту күні» де белгіленді. Сөйтіп «кең болсаң, кем болмайсың» деген бабалар сөзінің шындығына тағы бір куә болдық. Сол кеңдіктің әсері шығар, «бізге алғыс айтып жатыр екен» деп күтіп отырмай, қазақтар да Бір Жаратушыға, бір-біріне, өзгелерге деген ыстық ықыластарын тағы бір мәрте арнайы айтуға уақыт бөлетін күн ретінде қабылдадық. Бұл шешімнің ұлтымыздың, мемлекетіміздің жалпы рухани жаңғыруын көрсететін үлкен белестердің бірі демеске лажымыз жоқ. Осы шешімнен қазақстандықтардың өресі анық көрініп тұр. Өйткені, әрбір мемлекет, ұлт өз рухани өресіне сай жаңғырады, дамиды.
Елбасы бағдарламалық мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деді. Мақалада айтылған «ұлттық кодтың» сақталуына қатысты құнды ойлары әрбір адамды адамзат пен өзі туралы, шыққан тегіне орай толғануға, ойлануға еріксіз жетелей түседі. Біздіңше, қоғамның рухани жаңғыруында халқымыздың даналық ойларының тамырларына, яғни сөз өнеріндегі «ұлттық кодтарымызға» бір мезгіл үңіліп отырғанымыз артық болмайды. Ал сананы үнемі сергек ұстау мен оның деңгейін жоғары ұстау бүгінгі ұлттық танымымыз бен өремізге тікелей байланысты.
Тіпті осы «өре» деген сөздің мағынасын ашып түсінудің өзі ұлттық таныммен тікелей сабақтасып жатыр. Бұл сөзге үңілген адам Елбасы айтқандай «адамзатқа атқа міну мәдениетін әкелген» далалықтардың тарихи танымы мен мәдениетінің іздерін байқар еді. Тікелей және тарихи мағынасында ата-бабаларымыздың аттың алдыңғы және артқа аяқтарын қосақтап қоятын шідерді («өре» деп) айтқанын білдірсе, ауыспалы мағынасында адамның санасының деңгейіне қатысты пайдаланылып келе жатқаны белгілі. Соңғы мағынада «ойы келте, тәжірибесі мен білгені аз адамдар санасына қатысты немесе кейде «мұрын астынан арыны көре де, болжай да алмайтын» біржақ қыңыр мінез кісілерге «кекесін» түрінде де қолданатыны белгілі. Екінші жағынан алып қарағанда «өре» сөзі көшпелілер ойы мен шаруашылығының сабақтастығын да тікелей көрсетіп тұрған – тарихи қайнар.
Өйткені, көшпелілер өрені пайдаланғанда аттың үй айналасынан ұзатпай жайылуына мүмкіндік беруді, бірақ шідерлеген жағына қарай ғана басым айналып жүргендіктен үйден алыстай алмауын басты назарда ұстаған. Өз кезегінде малын бағып, отанын жаудан қорғаған далалық көшпелілер үшін жылқының орны ерекше болған. Жалпы адамзат қоғамында жылқыны қолға үйретудің басты орталығы қазақтың даласы болғаны ғылыми дәлелденген мәселелердің бірі. Енді өздерін «жылқы мінезді» халық санаған қазақтың болашағы үшін ұлттық рухы мен мақтаныш сезімдерін оятатындай етіп дәріптеу мен насихаттау жағын мемлекеттік деңгейде қолға алу жүріп жатыр.
Халқымыздың өмірі жылқы малымен етене болғанын баласын «құлынға», ел қамын ойлаған азаматын «тұлпарға», өміру сүрудің өзін «бәйгеге» балап, фольклорында «ер қанаты-тұлпарларға» байланысты небір «ұлттық кодымызды» білдіретін мағлұматтар қалдырғанын кейде естен шығарып алып жатамыз.
Біздің жағдайда кешегі отарлық саясаттың қазақтың ойлау жүйесіне зақым келтіріп, ұлттық сананы империялық мүдделерге орай орысша ойлауға бейімдеуге, қала берсе кеңестік идеологияға бағыттағаны анық. Нәтижесі де жоқ емес. Бүгінгі қазақтың ұрпағы арғы атасының сөзін кейде ұға бермейді. Ұлттық санасының деңгейі төмендеп, космополиттік санаға ие бола бастағандары да жоқ емес. Тіпті, өкінішке қарай кешегі бабалардың айтқан «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын», «ит тойған, ер туған жерінде», «біріңді, қазақ-бірің дос, көрмесең істің бәрі бос...», «енші алыспаған қазақпыз», «жеті атасын білмеген - жетесіз» т.б. қанатты сөздері мен даналық ойларының тамырына үңіле бермейтін замандастардың кездесуі қынжылтады. Осындай жайттар кейде бізге ұлттық таным жүйемізде кейбір ақаулы тұстарымыз да жоқ емес екенін байқататын сияқты көрінеді. Рухани жаңғыру әрбір адамның өзінен басталуы керек. Әрбір адам белгілі бір ұлттың өкілі ретінде өзін өзі тануға ұмтылатын ұлттық ойлау жүйесіне негізделген санасы болуы қажет. Сондықтан ең бірінші кезекте соны түзеу керек деп ойлаймыз. Ол үшін ұлттық ұғымдарды қайта жаңғырта отырып, заманауи білім алуды қолға алуды кешіктірмеуіміз ләзім. Қазақтың ұлттық танымына үңілген сайын даналық пен даралықтың іздері айқындала түсетінін байқау қиын емес. Кезінде халықтың бұл қасиетін өзге елдердің марқасақалары да байқағаны тарихтан белгілі. Олай болса, қазақты қазақы танымынан бастап түсінген абзал. Кері жағдайда қанша жерден «рухани жаңғыру» деп ұрандатқанмен пайдасы аз болады ау деген көңілімізде күдік те жоқ емес.
Тарихи жағдайда алып қарағанда барлық әлемдік идеологиялық күрестердің, оның ішінде барлық діндерде негізгі нысан – Адам. Сол бір ардақты атты сақтау адамзат ұрпағы үшін қиын болып тұр.
Ендеше арғы аталарымыздың ұлттық таным тұрғысынан қарар болсақ бабаларымыз адам баласын өзге тіршілік иелерінен артық етіп жаратқан «Бір Тәңіріні», «Алланы» жақсы танығаны байқалады. Сондықтан әрбір ісі мен сөзін оның қаһарына ұшырап қалмауға бағыттап атқарған және сөйлеген. Мысалы, қазақ жек көрген кісінің сөзін немесе ұнатпаған сөз сөйлеушіні тоқтатқанда «оттама!» -деп тыйып тастаған. Енді оның мәні «оттайтын тек мал» деп ұлттық таным тұрғысынан алып қарағанда тыйып отырған кісіге «мал бол ма!» деп, яғни «адамдық қалпыңды бұзба, жоғалт па!»- деп отырған ойын аңғарар едік. Ал «оттапсың» десе, ол бүгінгі ұғымға салғанда «малсың» дегенмен бірдей болып шығады. Енді неге олай айтты десеңіз? Адам баласын Бір Жаратушы жаратқанын жақсы білгендіктен екенін байқар едік. Яғни мал деп тікелей айтуға оның иманы жібермей тұр. Бірақ бүгінгі біздер осы жайттарды ескере бермейміз. Өкінішті.
Барлық діндерде «Жаратушы көрсеткен жолмен жүру» талап етіледі. Оны біздің бабаларымызда мойындаған. Көшпелілердің «жолың болсын!» деген сөзі мен «жолың болмасын!» деген қарғыстарының өзі белгілі бір жолмен, ізбен жүруді байқатады. Әрине, алғашқысы «Тәңірі жолы» екені тағы белгілі.
Бұқар, Шалкиіз сияқты т.б. жыраулар мен Абай атамыздың өлеңдерінің астарлы мағыналарында да «Бір Жаратушының» барлығы мен адамның өзгелерден артық жаратылуындағы мақсаттың бар екені сөз етілгенін бізге қарағанда бабаларымыз терең түсінгені анық. Өйткені ұлттық ойлау жүйесінің тарихи сабақтастығы мен бұзылмаған болатын. Алайда, Абай заманында бұрынғыдай «сөз ұғарлықтың» азая бастағаны байқалады. Мысалы, ақынның бір өлеңінде: «...Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын» -деген жолдардың кездесуінің астарында біздің ойымызға дәлел боларлықтай талай мағына жатыр деп санаймыз.
Тіпті шежірелік санасының бүгінгі күнге дейін сақталуы, «бір атаның баласымыз», «енші алыспаған қазақпыз» деген сөздердің ел бірлігі мен тарихи сананы сақтауда сабақтастық табуының өзі де осы жайттармен байланысты шығар. Алайда отаршылдар оны да өңін теріс айналдырып, елді біріктіруді көздеген шежірелік сананы керісінше ұлтты бөлшектеуге пайдаланған. Мемлекет пен ұлттың жаңғыруының, озып алға шығуының тағы бір кепілі қоғамдағы әділеттіліктің үстемдік етуі екенін де халқымыз білген. Осы орайда Абай атамыздың бір өлеңінде: «Ең бірінші Алланы сүю...»керектігі, «екіншіден адамзаттың бәрін бауырым деп сүй! ...» дегенінің және «үшіншіден, әділеттілікті сүю...» жөнінде айтылған сөздердің қуаты ұлттық таным қайнарынан нәр алып жатқаны еске түседі. Осы айтылған мәселелерге елімізде барлық жағдайлар жасалып, алға басып келе жатқан халқымыздың келешегі жарқын екеніне де, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енетінімізге сеніміміз мол.
Бұл орайда өңірімізде жоғары білім берудің қарашаңырағы саналатын бүгінгі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы да өз үлестерін қосып келеді. Әсіресе, университет басшылығының, тікелей ЖОО ректоры п.ғ.д.,профессор О.Аяшевтің ерекше қолдауымен өңірде алғаш болып «Рухани жаңғыру» орталығы, студенттерге арналған «Рухани жаңғыру» алаңы және барлық материалдармен, техникалық құралдармен жабдықталған «100 жаңа кітап» коворкинг орталықтары ашылып, жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көзделген мақсаттарға қол жеткізудің түрлі жолдары бойынша білім мен тәлімді қатар берудің озық үлгілерін көрсетіп келеді.

Рухани-1

Қорыта айтсақ, «Мәңгілік Елдің» болашағы ұлттың рухани жаңғыруында, ал ұлттың рухани жаңғыруы оның бүгінгі рухани өресіне тікелей байланысты екенін естен шығармаған ел ғана әлемдік бәсекеде ұтады. ОҚМПУ ұжымы мен жастары да бұл бәсекеде әрқашан алдыңғы лектен көрінеді.

Қайрат Анарбаев,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалықуниверситетінің
«Рухани жаңғыру» орталығының
басшысы, т.ғ.к.,доцент м.а.

2018 жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджетке түсетін түсім 157 млрд 604,9 млн теңге көлемінде жоспарланса, нақты түсім 168 млрд 611,7 млн теңгені құрап, жоспар 106,9 пайызға орындалған.

Бюджет

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының мәжілісінде қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндаған қаржы басқармасының басшысы К.Жанбосынов мәлімдеді.
– 2018 жылы республикалық бюджетке 96 млрд 450 млн теңге түсіп, жоспар 107,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар қала бюджетінің кіріс бөлігі 106,1 пайызға орындалып, нақты түсім 72 млрд 161,7 млн теңгені құрады немесе 4 млрд 153,5 млн теңге бюджетке артық түсті, - деді басқарма басшысы. Спикер шығыс бюджетінің қаржысы есепті кезеңге 99,9 пайызға игерілгенін айтып өтті.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайы түсіндірілді.Алдағы жылдары қаланың даму жолында жұмыс атқарылатынын айтқан қала әкімі сала жетекшілеріне бөлінген мемлекет қаржысының тиісті деңгейде орындалуын жіті назарда ұстауды тапсырды.

Өткен жылы Шымкентте тұрғындарға 6,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4,9 миллион қызмет электронды түрде жүзеге асырылған.

Мемлекеттік қызмет

Бұл туралы қалалық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Юсупова хабарлады.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан 191 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Оның 94-і электронды нысанда, ал 69 қызметті мемлекеттік корпорация арқылы алу мүмкіндігі бар.
– Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша ведомоствоаралық комиссия отырыстары өтеді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін 191 мемлекеттік қызметтің 152-ін автоматтандыру және оңтайландыру жоспарлануда. Осы мақсатта орталық мемлекеттік органдармен 144 Жол картасы әзірленіп, келісілуде. Сонымен қоса халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қолға алынған. Есептік жылы 3500 адам оқытылу жоспарланып, 4406 қала тұрғыны 4 бағыт бойынша оқытылды, - деді А.Юсупова.

Страница 1 из 277