Версия для печати

Отбасы-тұрмыстық құқық бұзушылықтар

Вторник, 04 Апрель 2017 05:02 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4134 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 бабына сай неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

Сондықтан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабында құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмасаескерту немесе қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.

Мысалы, азамат Р. 20.02.2017 жылы сағат 10:30шамасында, Шымкент қаласы, Сайрам е/м, Исфиджаб көшесі, 26 үйде өзінің әкесі К-ныкемсітіп, оған былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны туралы «102» сымтетігіне хабарлама түскен.

Бұл жөнінде жергілікті полиция қызметімен азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қарау үшін сотқа жолданған.                                                    

Сотта құқық бұзушы Р өз кінәсін толық мойындап, әкесінен кешірім сұраған,алжәбірленуші К баласын кешірмейтінін және бітімгершілікке келмейтінін көрсеткен.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 20.02.2017 жылғы қаулысымен құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы 1бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.

Жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылықтар орын алмас үшін тәртіп пен тәрбиенің отбасынан басталатынын ұмытпау қажет.


Абай ауданы прокуратурасының прокуроры
Азиза Жұмағали

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.