Версия для печати

Шаруалар назарына!

Вторник, 18 Апрель 2017 10:28 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3783 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2017 жылдың ақпан айының 20-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңы қабылданды.

         Аталған Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдар мен олардың инфрақұрылымының жай-күйін жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған.

         Бұл ретте, жайылым пайдаланушы азаматтар жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындарына қатысуға, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуды жүзеге асыруға құқылы.

         Дегенмен, жайылым пайдаланушы азаматтар өз құқықтарын жүзеге асырумен қатар, жайылымдарды беру шарттарына сәйкес жайылымдарды нысаналы мақсаты бойынша ұтымды пайдалануға, жайылым айналымдары схемасын сақтауға, басқа жайылым пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға міндетті.

Ал, ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын әзірлейді және бекітеді.

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылады.

Ең бастысы – жайылымдарды ұтымды пайдалануды назарда ұстаған жөн.


Шымкент қаласы Абай ауданы
прокуратурасының прокуроры Е.Тұрсынбаев

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.