Версия для печати

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекстегі елеулі өзгерістер

Пятница, 08 Декабрь 2017 05:54 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2684 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді.

ӘҚБК жалпы бөлімінің елеулі өзгерістері лауазымды тұлға ретінде жауапты болатын тұлғалардың қатарын қайта қарау болып табылады. Осылайша, тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілдік бойынша әкімшілік құқық бұзушылық орын алған мезетте өкімет өкілінің қызметін атқарған немесе атқарушы немесе әкімшілік құқық бұзушылық болған мезетте мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік сыңайлы сектродың субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік шаруашылық қызметттерді орындаған  немесе орындаушы тұлғалар Кодекстің лауазымды тұлғалары болып табылады.

Кодекстен келесілер шығарылды: саналы түрде өкіну, жағдайдың өзгеруі және ауруға шалдығуға  байланысты елеусіз құқық бұзушылық болғанда әкімшілік жауапкершіліктен босату тәртібін реттейтін нормалар: әкімшілік құқық бұзушылықтың нысаны немесе қаруы болып табылатын заты ақысына басыбайлы алу ретіндегі әкімшілік жазаның түрі.

Орта кәсіпкерлік субъектілері активтерінің құны бес есе көп, ал айыппұл санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұлмен бірдей болғандықтан, Кодекстің айрықша бөлімінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сараланған жауапкершілігі қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық фактарын жою үшін айыппұлдың нақты көлемі анықталған. ӘҚБК Рәсім бөлімінде тұлағаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың сараланған рәсімі келтірілген. Сонымен бірге, салық заңнамасы аясында орын алған және автоматты режимде жұмыс жасайтын сертификатталған арнайы бақылау –өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелген құқық бұзушылық әрекеттер бойынша жауапқа тартудың бұрын қолданыста болған ерекше тәртібі үшін  айрықша жағдайлар сақталған. Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қысқартылған рәсім, жеке тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бірге алған түбіртек  бойынша айыппұлды төлеген жағдайда іске асады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу шараларының институты жетілдірілді. Жекелей алғанда, тұлғаның өзін тексеру, оның жеке заттарын, көлікті тексеру секілді іс-шаралар толық өңделді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға  сол істің құқық қорғаушы органдар қызметінде орын алатынына орай, іс бойынша екі және одан көп шара қолдану мүмкіндігі бекітілді.


 

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық
Әділет басқармасының инспектор-тіркеушісі

Н.Қуандық

Последнее изменение Пятница, 08 Декабрь 2017 09:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.