Версия для печати

Заңды тұлғаларды «Электронды үкімет» веб порталы арқылы тіркеу тәртібі

Пятница, 17 Август 2018 12:00 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3671 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» туралы Заңының 6-1 бабына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және портал арқылы бір жұмыс күнінде көрсетіледі. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, порталда электрондық құжат нысанын толтыру арқылы хабарлама береді. 

         Сонымен қатар, уәкілетті тұлғаның  ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында порталдан келесідей анықтамалар алуға болады:
1)     Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
2)     Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы;
3)     Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
4)     Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысуы туралы;
5)     Заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы (link is external);
6)     Құрылатын заңды тұлғаның атауы тіркелген шаруашылық субъектінің атауымен сәйкес келуі туралы (link is external);
7)     Көрсетілген мерзімге заңды тұлғаның тіркелгені туралы (link is external);
8)     Заңды тұлғаның барлық тіркелген әрекеттері туралы (link is external);
9)     Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерістердің енгізілгені туралы (link is external);
10)Заңды тұлғаның үлесіне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы (link is external);
11)Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы (link is external);

         Сондай-ақ заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын тіркеуді де электрондық түрде жүзеге асыру қазіргі таңда мүмкіндігі туындады.

     Ол үшін, порталда авторлану (link is external) және қызметке онлайн тапсырыс беру арқылы, электрондық өтінімді толтырып, келесі құжаттарды қоса тіркеу қажет:

- заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы БАҚ хабарландырудың жариялануын растайтын құжат;

- мүліктің иесі заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған құрылтай құжаттарымен осыған уәкілеттенген заңды тұлғаның органы немесе иесі өкілеттеген органның шешімі;

- заңды тұлғаның мөрін жою туралы құжат;      

ОҚО Әділет департаментінің

Заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын

Ұйымдастыру бөлімінің іс жүргізушісі

ҚР Заңгерлер одағы ОҚОФ-ның мүшесі

Қуандық Нұрсана Ермекбайқызы

Последнее изменение Пятница, 17 Август 2018 12:01
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.