Салтанатты жиынға қалалық соттың алқа төрағасы М.Парменов, Абай аудандық сотының судьясы Л.Әуелбекова, қалалық адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов, медиаторлар, суденттер және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Эссе байқауға студенттер мен оқушылардан 40-қа жуық жұмыс түскен. Қазылар алқасының құрамына судьялар, адвокаттар мен медиаторлар енді. Олар медиацияның қоғамдағы орны, тиімділігі мен оны дамыту тетіктері туралы еркін форматта жазылған шығармаларды іріктеді.
Қазылар алқасының шешімімен «Ең үздік» номинациясымен №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері Александра Пустовойтова және Карина Ли, ал «Үздік» номинациясына Бақытжан Әбдіжаппаров пен Ержан Әлмахан лайық деп танылды. Жансұлу Мырзабек, Арсен Байметдиев және Ақнұр Уалиқызы арнайы мадақтамаға ие болды.
Сонымен қатар, Медиация күніне орай кәсіби медиаторлар Динара Байсерікова, Лаура Ақшегірова, Елмира Есімбетова, Дана Кенжеқұлова, Нұрбала Оразқұлова және жастар мәслихатының депутаты Жасмин Әшімова алғыс хатпен марапатталды.