Редакция таңдауы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жою – құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты. Ал, оған жету үшін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар заңға сәйкес, өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуі тиіс. Себебі, құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа азаматтық қоғамның барлық институттарының жігерін жұмылдырып қана тиімді қарсы тұруға болады. Солай ғана біз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру ұлттық идеясын жүзеге асыра аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілік пен жаза – ҚР Қылмыстық кодексі, ал әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен жаза – ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі негізінде тағайындалады.
Бүгінгі қоғамның басты талабы ол тазалық пен туралықтың бастауына жол сілтейді. Демек, тазалық пен туралық – ол бүгінгі таңда мемлекеттік басқарудағы қабылданып жатқан шешімдер мен халыққа беріліп жатқан қызметтің шынайылығында. Бастамаларды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Ш.КЕҢЕС,
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппарат басшысы

Соңғы жаңалықтар