Редакция таңдауы

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 353 бабының 1 тармағына сәйкес қызметкердің ЖТС салуға жататын табысының сомасы есептелген кірістердің сомасы ретінде түзетуді алып тастағанда (Салық кодексі 341- бабы) салық шегерімдерін алып тастағанда түзету ретінде айқындалады. (Салық кодексі 342-бабы). Алынған сомаға 10% ставка бойынша ЖТС салынады.

Салық Кодексінің 346 бабының 2 тармағының 2 тармақшысына сәйкес 3 мүгедектіктің түрі үшін күнтізбелік жылға 882 АЕК мөлшерінде қосымша стандартты шегерім көзделген.
Бұл ретте, 2024 жылға 1 АЕК мөлшері 3 692 теңгеге, АЛ, ЕТЖ – 85 000 теңгеге тең. 2024 жылғы мүгедектер үшін шегерім сомасы: 882 АЕК * 3 692 = 3 256 344 теңгені құрайды.
Салық Кодексінің 343-бабының 1 тармағына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарды түріндегі салықтық шегерімдерді қоспағанда, міндетті әлеуметтік мединицалық сақтандыруға арналған жарналар бойынша және Салық кодексінің 345 бабының 1 тармағында көрсетілген зейнетақы төлемдері бойынша салықтық шегерімдерді салық агенті Қазақстан Республикасы Слық Кодексінің 345 бабының 1 тармағында көрсетілген:
1. Жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану туралы өтініші:
2. Растайтын құжаттардың көшірмелері.
Мұндай көшірмелері талап қою мерзімі ішінде салық агентіне сақталады Салық кодексінің 48 бабының 2 тармағында белгіленген ескіру мерзімі.
Демек, 882 АЕК мөлшерінде ЖТС шегерімін пайдалану үшін мүгедек қызметкер есеп бөліміне ұсынылуы керек:
— Өтініш;
— Мүгедектікті растау туралы анықтама
Бұл ретте, егер мүгедек қызметкер бір мезгілде бірнеше жұмыс берушіде еңбек етсе, ол өзінің шегерімге құқығын олардың біреуінде ғана қолдана алады. (Салық кодексінің 343 бабының 3 тармағы).

Қаратау ауданы бойынша МКБ Есепке алу,
талдау және ақпараттық
технологиялар бөлімі

Соңғы жаңалықтар