Редакция таңдауы

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент қалалық филиалы жол құрылысының сапасын жіті бақылап отыр. Өткен жылы филиал құрылыс, қайта құру, жөндеу нысандарына 843 рет шығып, сараптама барысында 228 ақау мен кемшілік анықталды. Оның 178 қалпына келтіріліп, қалған 50 кемшілікті түзету үшін жұмыс істеліп жатыр. Сондай-ақ, сараптама барысында 1 494 жол-құрылыс материалы іріктеліп алынды. Оның ішінде 873 сынама талапқа сәйкес келген болса, қалған 621 сынама нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Сәйкес келмеген жол-құрылыс материалдары бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

– Қазір ол ақаулар жөнінде мердігер мекемеге, техникалық қадағалау мекемелеріне хаттармалар толтырылды. Нәтижесінде 1 техникалық қадағалаушыға айыппұл салынды. 1,4 млн. теңгенің жол жабыны мердігер есебінен қайта төселді, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкіров.
Айта кетейік, былтыр Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 227 шақырымдық 310 көше күрделі және орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде 167,1 шақырымдық 247 көше мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал, жалпы ұзындығы 79,3 шақырымдық 181 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осындай жұмыстың нәтижесінде Шымкентте жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75 пайызға жетті.

«ШК» — ақпарат

Соңғы жаңалықтар