Редакция таңдауы

Құбылмалы әлемде өзгерістерді объективті қабылдай алу маңызды

Мемлекетіміздің жаңа Конституциясының жобасы жарияланды. 1995 жылы қабылданған Ата Заңның 80 пайыздан астамы жаңартылатыны белгілі болды.


Бұл жобаны Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер мен сарапшылар, зиялы ғылыми қауым өкілдері, сондай-ақ елдің барлық әлеуметтік топтары мен аймақтарын қамтыған, жалпы саны 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия мүшелері жан-жақты талдау мен қызу пікірталастар нәтижесінде ұсынып отыр.

Жаңа заң жобасының мәтіні елдегі саяси-құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған стратегиялық маңызға ие екенін, сондай-ақ мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және құқықтық институттарды нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді.

Жоба мемлекеттік билік жүйесінің жаңартылған құрылымын, өкілеттіліктерді қайта бөлуді және жаңа нормалар мен ережелерді кешенді түрде талдай келе, стратегиялық қажеттілікке сәйкес саяси-құқықтық саланы түбегейлі жаңаша форматта жүйеленген.

1995 жылғы Конституция 9 бөлім мен 99 баптан тұрса, жаңа Конституцияның алғашқы жобасы 11 бөлім мен 95 бапты құрайды.

Жаңа жобада Преамбула толықтай жаңартылып, онда ұлттық құндылықтар, адам құқықтары мен бостандықтары бірінші орынға қойылған, сондай-ақ бірлік, келісім және ынтымақтастық мемлекеттіліктің негізі ретінде айқындалған.

Жаңа заң жобасындағы құрылымдық өзгешеліктерге азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы, саяси институттар тиімділігін арттыру секілді бірқатар жаңа принциптер мен нормалар жатады.

1995 жылғы Конституцияда да адам құқықтары мен бостандықтары туралы тараулар бар, бірақ жаңа жоба оның маңызын күшейтуді мақсат етсе, Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, қоршаған ортаны қорғау, мәдени мұраны сақтау сияқты жаңа мәтіндер нақты пысықталған.

Сондай-ақ жаңа жоба білім, ғылым, инновация және адам капиталын дамыту сияқты стратегиялық бағыттарды конституциялық деңгейде бекітуді мақсат еткен.

Қорыта келгенде, жаңа Конституция жобасында адам құқықтары, демократиялық қағидалар мен стратегиялық мақсаттарды конституциялық деңгейде күшейтуге бағытталған.

Мемлекеттік институттың рөлін заманауи талаптарға сай реттеу  көзделген.

Жаңа Конституцияны жалпыұлттық референдумда қабылдаймыз.

Бұл тарихи құжаттың мәні мен маңызын әрбір қазақстандықтың бейжай қарамай, елдің болашағы тұрғысынан жауапкершілікпен пайымдауы маңызды.

Жалпы, құбылмалы әлемде саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық үдерістер өте жылдам өзгеріп отыратыны анық. Мұндай жағдайда өзгерістерге эмоциямен, біржақты немесе үстірт көзқараспен емес, оларды объективті түрде, яғни себеп-салдарын, ықтимал нәтижелерін және ұзақ мерзімді әсерін ескере отырып қабылдай алу аса маңызды.

Өзгерістерді объективті қабылдау қоғамдағы жаңа талаптар мен сын-қатерлерді дұрыс түсінуге, негізсіз үрей мен қарсылықтың алдын алуға,

реформалардың мәні мен қажеттілігін саналы түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Сондықтан құбылмалы әлем жағдайында объективті көзқарас қоғамның тұрақты дамуының, саналы таңдау жасаудың және жауапты шешім қабылдаудың басты шарты болып табылады.

Қорытындылай келе, құбылмалы әлем жағдайында болып жатқан өзгерістерді объективті қабылдай білу  жеке тұлғаның да, қоғамның да тұрақты дамуының маңызды шарты. Өзгерістерге саналы түрде қарап, олардан сабақ ала білу адамды икемді, жауапты әрі бәсекеге қабілетті етеді. Сондықтан өзгерістерден қорықпай, оларды мүмкіндік ретінде қабылдау  бүгінгі заман талабы.

Қазақстандықтарды саяси жаңғыру процесінде жұдырықтай жұмыла білуге, ортақ мақсат жолында бірлікті нығайтуға және ел болашағы үшін жауапкершілікпен әрекет етуге үндеймін.

Сәуле РЫСБАЕВА,

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдар кандидаты

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win