«Өркен» грантының иегері Өркен Мурзабаев республикалық математика олимпиадасында І орын иеленді
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Өркен Мурзабаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жоғары математика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен онлайн республикалық пәндік олимпиада да I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Өркен бұған дейін биология, физика пәндерінен республикалық, желілік олимпиадаға қатысып жүлделі орын алған.
– Математика пәнінен білім сынасуым бірінші рет. Олимпиада туралы естіп, жетекшім Бекболат Комоловпен небәрі бір апта дайындалдық. Сайыста өте қиын есептер болды. Дегенмен үмітті ақтағаныма қуаныштымын,- дейді Өркен.
Жүйрік ойлылар сайысына еліміздің 100-ден астам мектеп оқушыларымен қатар ЖОО студенттері қатысқан.