dda86706-4b28-4dad-b636-455d0903fb3e

Шымкент қаласының тұрғындары Сыздықовтар отбасысы республикалық референдумға қатысты. «Мерейлі отбасы 2024»байқауының жеңімпаздары жанұяның татулығы мен бірлігін тағы бір көрсетті. «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенді ұстанатын ақсақал Анарбай Сыздықов ұл-қыздары және немерелерімен келіп дауыс берді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Шаңырағымыздың шаттығы балалар. Олардың ертеңгі күні патриотшыл болып өсу үшін, саяси шешімдерге белсенді түрде қатыстыруымыз керек. Бүгінгі референдумға бір отбасыдан 11 адам келіп тұрмыз. Барлығымыз өз таңдауымызды жасадық,-дейді Анарбай Сыздықов. ⁣⁣⠀
Сондай-ақ, 18 жасқа жаңа толған бұл отбасының мүшесі Аружан Ерланқызы алғаш рет сайлауға қатысып жатқандығын айтты. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
- Еліміз үшін маңызды шешім қабылдауға үн қоса алатыным үшін қуаныштымын. Жақында ғана 18 жасқа толдым. Референдумға келген әрбір тұрғынға алғыс білдіремін. Олар ең маңызды оқиғаға куә болуда,-дейді Аружан Ерланқызы.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 18.29.27

Шымкент қаласында тұрғындар АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Кейбір тұрғындар рефердум учаскесіне бүкіл отбасымен бірге келіп, дауыс беріп жатыр. Мәселен, Бахиевтер отбасы Шымкент қаласындағы №9 ІТ лицейінде орналасқан референдум учаскесіне келді.

Бахиевтер бүкіл әулетімен Шымкент мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді. Әулеттің үлкені Бақытжан Бахиев «ПетроКазахстанОйлПродактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты зауытта 39 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Ол — мұнай өнімдерін есепке алу жөніндегі техник.

—Бүгін еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Сол себепті біз ынтымағы жарасқан үлкен әулетімізбен бірге өз таңдауымызды жасап, азаматтық ұстанымымызды білдіруге келіп тұрмыз. Референдум халқымыздың бірлігін бекемдей түседі деп сенемін, — деді Б.Бахиев.

Айта кетейік, оның інісі Бауыржан Бахиев мұнай өңдеу зауытында көлік жүргізушісі, ұлы Ерлан Бахиев электромонтер болып еңбек етіп келеді. Ал, келіні Мәншүк Ахынова химиялық талдаулардың 5-ші разрядты лаборанты. Ол да аталған өндіріс орнында 8 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді.

Несібесін адал еңбектен тапқан өнегелі отбасының мүшелері Қазақстан халқының ел болашағы үшін ең дұрыс шешімді қабылдайтынына сенеді.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 16.58.10

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл №38 референдум учаскесінде дауыс берді. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері еліміздегі аса маңызды шешімдер халықтың пікірін ескеріп барып қабылданатынын атап өтті.

-Бүгін - еліміз үшін маңызды күн. Ел тұрғындары, жастар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы қуат көздерін жаңарту уақыт күттірмейді. Әлеуметтік мекемелер, көшелерді жарықтандыруға жылдан-жылға қажеттілік артып келеді. АЭС салу бойынша референдумде келешек ұрпақ үшін таңдау жасап, дауыс бердім. Қазіргі уақытта бізге ең керегі - елдің бірлігі мен ынтымағы. Баршамыз осы құндылықтарымызды сақтай алсақ, алынбайтын қамал жоқ, - деді Ж.Жаппарқұл.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 16.46.47

Референдумға Шымкент қаласының мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары да қатысып, өз таңдауларын жасады. Атап айтқанда, елімізге танымал танымал өнер жұлдызы Астана Қарғабай №99 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.

-Жастар қоғамның белсенді мүшелері. Азамат ретінде бүгінгі науқанға жауапкершілікпен келдім. Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Референдумда қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды шешім қабылдануда, - дейді Астана Қарғабай.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы дауыс беру учаскелерінде таңдау жасауға барлық жағдай жасалынған. Тіпті, кей учаскелерде дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар таратылды.

Сондай учаскенің бірі №290 референдум учаскесі. Онда 18 жасқа толып, алғаш дауыс беруге келген жасқа және отбасымен келген тұрғындарға сыйлық үлестірілді.

Шалғай ауданда орналасқан дауыс беру учаскесіне 2686 адам тіркелген. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары.

3a30580a-79cf-493d-a162-ec1882a75928

Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр. Мұны тұрғындардың референдум учаскелеріне ұлттық киімдер киіп келуінен байқауға болады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қаласының халқы ұлттық салт-дәстүрге берік екенін референдум күні тағы бір рет дәлелдеді. Атап айтқанда, Түркістан сарайы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде орналасқан референдум учаскелеріне бір топ тұрғындар ұлттық киімдерімен келді. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Жаңа Қазақстанды құру жолында референдумның маңызы жоғары. Сондықтан, бала-шағамыздың, немере-шөбереміздің жарқын болашағына сенім артып, дұрыс таңдау жасау үшін учаскеге келдік», - дейді олар. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Айта кетейік, Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады. Қалада 18 жасқа толған 660 563 тұрғыны дауыс беруге құқылы. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске ашылды, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 13.44.14

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Өнер ұжымы Шымкент қаласындағы 231 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.

Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған әртістер өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.  

— Бүгінгі референдум барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым,- деді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев.

Айта кету керек, әртістер бұл референдумға ұлттық нақыштағы киімдермен келген. Ел алдында жүрген олар барша қазақстандықтарға дауыс берудің маңызды екенін айтты..

— Бұл үстіртін қарайтын шаруа емес. Маңызды оқиға. Өнер адамдары қашанда ел үшін жасалған қадамдарда, оқиғаларда алдыңғы шепте жүретін жандар. Сондықтан, үнсіз қалмай мемлекеттік мүдде үшін таңмен таласа келдік. Тек концерттер мен той-думандарда ғана емес, саяси шешімдер де төбе көрсеткеніміз абзал,-дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Гүлнұр Қалмырзаева.

WhatsApp Image 2024-10-06 at 13.38.31

Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жастар жағы да қарқынды түрде үлес қосуда. Олар республикалық референдум аясында ұйымдастырылған "Біз өркендеген ел үшін" акциясына қатысты. Олар «Арбат» демалыс аймағында жиналып, белсенділіктерін көрсетті. Қаланың әртүрлі аймақтарында да дәл осындай жастар акциясы ұйымдастырылған.

—Қала жастары референдумға келіп өз дауыстарымызды берудеміз. Тек таңдау жасап қана қоймай, акцияларға қатысудамыз. Өйткені, қала тұрғындары, кейінгі буын өкілдеріне біз үлгіміз. Жастар үнемі қозғалыста. Даму үстінде. Сол сияқты елімізде оң шешімдерді қабылдап өсуі тиіс. Бүгінгі референдум, болашаққа жасалған ең дұрыс шешімнің бірі деп білемін,-дейді шымкенттік жас Толғанай Әділхан.

«Арбат» демалыс аймағында 20 -ға жуық жастар жиналып, көк туды мақтанышпен көкке көтеріп жүрді. Бұл көрініс қала тұрғындарының көңілінен шықты.

Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады

Воскресенье, 06 Октябрь 2024 07:17

WhatsApp Image 2024-10-06 at 12.08.42

«Қазақстанның Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төраайымы Баян Жандосова бүгін Адияров көшесіндегі №180 учаскеге референдумға қатысу және таңдау жасау үшін келді.

—Әйелдер Қазақстанда әрқашан халықтың ең белсенді бөлігі болды. Аналар, әжелер, кәсіпкер әйелдер ел дамуына өз үлесін қосты. Біз еліміздің әл-ауқаты мен дамуы әр азаматтың тікелей байланысты екенін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені, Қазақстан Үкіметі осындай жауапты мәселе бойынша шешім қабылдау барлық қазақстандықтардың пікірі ескерілу тиіс деп референдум өткізіпжатыр. Үкімет пен біздің Президентіміз біздің әлеуметтік жауапкершілігімізге, белсенді азаматтық ұстанымымызға сенеді, олар Қазақстан халқына сенеді, біз бәріміз бірге Қазақстанның экономикалық өрлеуіне, өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын дұрыс таңдау жасайтынымызға сенімдіміз, — деді Б.Жандосова.

Страница 1 из 909