СЛАВЯН ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ АЭС ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 08:47Бүгін қалалық Пушкин атындағы ғылыми кітапханада Славян этно-мәдени бірлестігі мүшелерінің «АЭС - тұрақты, қауіпсіз және төмен көміртекті энергия көзі» тақырыбы бойынша жиыны өтті.⠀
Іс-шараға ақын-жазушылар және кітапхананың тұрақты оқырмандары, кітапхана қызметкерлері қатысты.⠀
⠀
Жиынның мақсаты:⠀
Атом энергиясын дамытудың жан-жақты пайдасын, болашақтағы ролін талқылау. 2024 жылғы 6 қазанда АЭС мәселесі бойынша референдум өткізуге, Қазақстанда бірінші атом электр станциясын құру туралы шешім қабылдауға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.⠀
⠀
Электр энергиясы мемлекет дамуының басты қозғаушы күші екенін ескерсек, Қазақстанда атом электр стансасының салынуы ел тәуелсіздігінің тағы бір көрсеткіші болары сөзсіз. Тұрақты түрде өсіп келе жатқан адамдар мен жаңа бизнес орталықтары электр энергиясына деген сұранысты арттыруда. Осы себепті электр қуатының тапшылығы қаупі бар. Атом электр станциясының құрылысы түбегейлі шешім болмақ. ⠀
⠀
Шара барысында Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің биология кафедрасының профессоры Халима Сартаева АЭС салудың еліміз үшін⠀маңыздылығын айтып, бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды.⠀Сонымен қатар, биология кафедрасының доценті Роза Убайдуллақызы Мамықова, жергілікті фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий де аталмыш мәселенің төңірегінде пікір білдіріп, ойларымен бөлісті.⠀
⠀
Жиын соңында қатысушылар қазан айында өтетін АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.⠀
⠀
“Шымкент келбеті” газеті
ШАҺАР БАСШЫСЫ АҚЫН ӘКІМ ЫСҚАҚТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:17Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ақын, композитор, мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті. Ә.Ысқақ – тек отандық журналистика мен әдебиеттің дамуына ғана емес, сонымен қатар, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына да үлкен үлес қосқан азамат.
БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫ БЕЛГІЛЕП БЕРДІ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:16Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаев биылғы Жолдауында Қазақстан Республикасының жаңа банк заңнамасын жаңа редакциялық мәтін бойынша қабылдау туралы нұсқау берді. Бұл нұсқауды құптауға болады.
ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:14немесе Шымкентте қоғамдық орындарды ластаған 55 мың азамат жазаланды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру аясында Шымкентте «Таза Қазақстан» жобасына тұрақты түрде қолдау көрсетілуде. Полиция қызметкерлері әкімдік қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық орындарды ластаушы тәртіп бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстарын белсенді жүргізуде. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары 55 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырып, 255 миллион теңгеден астам айыппұл салған.
ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:12Шымкентте Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Мүмкіндіктер алаңы" атты жәрмеңке өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағы уақытта тұрақты түрде ай сайын өтетін болады. Игі істің басты мақсаты – жас кәсіпкерлерге өз өнімдері мен қызметтерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік беру, олардың бизнесін дамытуға қолдау көрсету. Сонымен қатар, бұл – тәжірибе, тың идеяларымен алмасып, өздерінің бизнес жобасын дамыту үшін мүмкіндіктер таба алатын бірегей алаң.
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҮН ҚОСТЫ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:11Шымкентте «Семей-сынақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Семей ядролық сынақ полигонындағы апат салдарын жоюға қатысқан ардагерлер АЭС салу мәселесін талқылады.
РЕФЕРЕНДУМ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІН БЕКЕМДЕЙ ТҮСЕДІ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:11Елімізде 6 қазан күні өтетін республикалық референдумның маңызын азаматтарға түсіндіру мақсатында қаладағы Достық үйінде дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары және қалалық ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесі мен «Ассамблея жастары» қоғамдық ұйымының мүшелері қатысты.
САРАПШЫЛАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Пятница, 20 Сентябрь 2024 05:10Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен "АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы" атты жиын өтті.