Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.
Президент сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс
Қасымбекті де қабылдады.
Айта кетейік, Ерлан Айтаханов биылғы жылдың 30 шілдесінде Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.