Шымкенттіктердің азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша статистикалық талдау жүрігізіліп тұрады.
2022 жылдың 1 тоқсандағы Шымкент қаласында орта есеппен бір адамға шаққандағы пайдаланған азық-түліктің орташа көлемі туралы мәліметке назар салсақ, жұмыртқа - 38,3 (дана), сүт және сүт өнімдері – 34,6 литр, нан өнімдері және жарма өнімдері - 32,4 кг, көкөністер – 14,6 кг, ет және ет өнімдері – 12,6 кг, жемістер - 10 кг, картоп - 9 кг, қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер – 6,9 кг, май және тоңмай – 3,2 литрді құрады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары азық-түліктің ішінде балық және теңіз өнімдерін аз тұтынады ( -1,3 кг жатқызуға болады). Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің ішінде шымкенттіктер нан және жарма өнімдерін - 6,5%, жұмыртқаны -2,1%, картопты - 11,8% аз тұтынған.
Ж. КӨПЖАСАРОВА,
Ұлттық статистика бюросының
Шымкент қаласы бойынша департаменті
еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің бас маманы