WhatsApp Image 2023-11-28 at 11.52.42

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Татуластыру рәсімдері және әкімшілік органның әкімшілік қалауын түсіндіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата директоры Сабира Адамбекова, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев, қалалық соттардың судьялары, әкімшілік органдардың жетекшілері мен заңгерлері, құқық қорғаушылар, кәсіпкерлер қатысты.

Алғашқы сөзді алған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев медиацияның маңызы, ол бойынша татуластыру тәртібі туралы қысқаша баяндап, медиация рәсімін барынша қолдануға шақырды.

Ал осы соттың судьясы Гүлжазира Қалдыбекова татуластыру рәсімдері мен әкімшілік органның әкімшілік қалауын толығырақ түсіндіріп берді.

Әкімшілік қалау – ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексіне енгізілген негізгі жаңашылдықтың бірі. Әкімшілік қалау әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның ҚР заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерле заңдылығын бақылау негізінд ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттілігі дегенді білдіреді. Мемлекеттік органға әкімшілік қалаудың берілуі оны өз еріктерімен жүзеге асыруына болады дегенді білдірмейді. Әкімшілік орган, лауазымды тұлға әкімшілік қалауды ҚР заңнамасында белгіленген шектерде жүзеге асыруға міндетті, – деді судья Гүлжазира Қалдыбекова.

Жиында мемлекеттік орган жетекшілері мен заңгерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сот өкілдерінің жауабын алды.

bahafr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жүйелі саяси реформаларды жүзеге асырмай, ұзақ мерзімді, әрі орнықты дамуға қол жеткізу мүмкін еместігін айтқан болатын.

«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» деген сөз бар. Президент осы қағидаға сүйене отырып, саяси реформаларды өзінің өкілеттілігін шектеуден бастады. Атап айтқанда, Президент ешқандай саяси партияға төраға немесе мүше бола алмайды. Өткен жылғы референдум кезінде осы норма конституциялық негізде бекітілді. Бұл қадам биліктің бір адамның қолына шоғырлануын шектеумен қатар, саяси партиялар арасында әділ бәсекелестіктің орнауына да мүмкіндік беріп отыр.

Парламент Сенатындағы Президент тағайындайтын депутаттардың саны 15-тен 10-ға дейін қысқартылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы аудан және аудандық маңызы бар қалалардың әкімдеріне дейін тағайындау немесе жұмыстан алу секілді көптеген өкілеттіліктерден бас тартты. Осының бәрі биліктің бөлінуі мен билік тармақтарының бір-бірінен дербес әрі ықпалды болуы үшін қабылданған шешім.

Еліміздің дамуы және әділетті қоғам орнауы үшін саяси жүйедегі таразының екі басы тең болуы шарт. Яғни, атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің құзіреті мен мүмкіндіктері тең болуы керек. Жалпы, Парламенттің қос палаталы болуы халықаралық тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, АҚШ-та, Францияда қос палаталы кәсіби парламент қызмет атқарады. Әрі бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеген. Парламентті қос палаталы етудегі негізгі мақсат – заңдардың халыққа тиімді әрі мемлекеттің мүддесіне де нұқсан келтірмейтіндей сапалы болып қабылдануына ықпал ету.

Осының барлығын ескерсек, Сенаттың қызметі үлкен маңызға ие екенін байқаймыз. Дегенмен, Қазақстандағы саяси реформаның ең маңызды бағыттарының бірі Парламент Мәжілісінің өкілеттілігін кеңейтіп, ықпалын арттыруға бағытталды. Бүгінде Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын Сенат бұрынғыдай кері қайтарып жібере алмайды. Жоғары палата тек Мәжіліс депутаттары қабылдаған заңдарды қолдайтыны немесе қолдамайтыны жөнінде пікір білдіруге құқылы. Ал, заң қабылдау құзіреті Мәжілістің еншісіне берілді. Мұндай шешім неліктен қабылданды десеңіз, сенаторлар мәслихаттар арқылы жанама түрде сайланады. Бір бөлігі Президент квотасы арқылы тағайындалады. Ал Мәжіліс депутаттары партия арқылы және мажоритарлы жүйе бойынша тікелей халықтың дауыс беруімен сайланады. Соның есебінен Мәжіліс депутаттарын сайлаушыларға жақынырақ деп айтуға да негіз бар.

Басқаша айтар болсақ, Мәжіліс – қоғамдағы әртүрлі топтардың атынан өкілдік ете алатын, олардың пікірі мен көзқарасын жеткізіп, мүддесін қорғайтын палата. Олай болса, заң қабылдау процесінде Мәжілістің соңғы сөзді айтып, шешуші рөл атқарып отырғаны заңдылық деп айта аламыз.

Төменгі палатаның құзіреті артқанының тағы бір көрінісі ретінде Есеп комитетінің орнына бюджеттің орындалуын қадағалайтын Жоғары аудиторлық палата құрылып, ол жылына кемінде екі рет Мәжілістің алдында есеп беріп жатқанын айта аламыз. Мәжіліс депутаттары халықтың салығынан құралған қазына қаржысының тиімді әрі заңға сәйкес жұмсалуын бақылап отыр. Бұл депутаттардың іс жүзінде Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қызметін де бақылап отырғанын көрсетеді.

Саяси реформалардың маңызды бағыттарының бірі – жаңа партияларды тіркеуге қойылатын талаптардың жеңілдетілуі. Партия ашу үшін қажет мүшелерінің саны әуелі 40 мыңнан 20 мыңға дейін, одан кейін тағы 4 есеге – 20 мыңнан 5 мыңға дейін қысқартылды. Ал бастамашы топтың саны 1 мыңнан 700-ге дейін қысқартылды. Әр өңірде болуы тиіс мүшелерінің саны да 600-ден 200-ге дейін қысқартылып отыр. Яғни, талаптар едәуір жеңілдеді.

Мемлекет басшысының Жолдауында аудан әкімдерінің сайлауы туралы да айтылған болатын. Биыл Президенттің бұл тапсырмасы пилоттық режимде жүзеге асты. Мәселен, көршілес Түркістан облысында 3 ауданның әкімін халық тікелей дауыс беру арқылы сайлады. Бұл – билікті орталықсыздандыру және қоғамды демократияландыру жолындағы маңызды қадам. Себебі, аудан әкімдерін халықтың сайлауы жергілікті жердегі жағдайға тұрғындардың ықпал етуіне мүмкіндік береді және аудан әкімдерінің халықтың алдындағы жауапкершілігін арттыра түседі.

Мемлекет басшысы жүргізген саяси реформалардың нәтижесінде жергілікті өкілетті орган – мәслихаттардың да беделі мен ықпалы күшейіп, оған деген халықтың сенімі бұрынғыдан да арта түсті. Бұған, біріншіден, еліміздің сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мәслихат сайлауының аралас жүйе бойынша өтуі ықпал етті. Биыл наурыз айында өткен сайлауда депутаттардың 50 пайызы бұрынғыша партиялық тізім бойынша сайланса, 50 пайызы бір мандатты округтер арқылы халықтың тікелей дауыс беруімен сайланды. Нақтырақ айтар болсақ, Шымкент қаласы мәслихатының VІІІ шақырылымдағы жаңа депутаттық корпусына 32 депутат сайланса, соның ішінде 16 депутат бір мандатты округ арқылы сайланды. Ал, партиялық тізім бойынша «Amаnat» партиясынан – 11 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 3 депутат және «Ауыл» партиясынан 2 депутат сайланды. Яғни, бір жағынан тұрғындардың тікелей дауыс беруімен сайланған депутаттардың есебінен, екінші жағынан мәслихаттың көппартия құрамының жасақталуы арқылы өкілетті орган халыққа, қоғамға етене жақындай түсті.

Екіншіден, мәслихатқа қосымша бірқатар өкілеттіліктер берілді. Солардың ішінде ең елеулісі қала әкімінің мәслихат депутаттарының дауыс беруі арқылы таңдалуы дей аламыз. Бұған дейін әкім лауазымына кандидат болатын бір азаматты Президент ұсынып, мәслихат оны мақұлдайтын еді.

Бұған дейін Президент ұсынған кандидатты мәслихаттың қабылдамай, кері қайтаруы практикада кездеспеген. Неге десеңіз, Президентті бүкіл халық сайлайды ғой. Сондықтан оған құрметпен қарау, оған сенім арту – заңдылық. «Осы кадрдың қаланы басқаруға лайық екенін бізге қарағанда көбірек зерттеп, білген шығар» деген ойлар болатын. Ал, ендігі жерде әкім лауазымына екі немесе үш-төрт кандидат ұсынылады. Солардың арасынан қайсысы біздің қаланы басқаруға лайық екенін мәслихат депутаттары таңдайды. Яғни, бұған дейін біз әкімге Президенттің осындағы өкілі ретінде қарап келсек, ендігі жерде әкім тек Президенттің ғана өкілі емес, мәслихат депутаттары таңдаған саяси қызметкер. Әкім қалай да өзін дауыс беру арқылы таңдаған мәслихат депутаттарымен санасып, есептесе отырып жұмыс істейді. Осының өзі Мемлекет басшысы жүргізген түбегейлі саяси реформалардың нәтижесінде мәслихаттың дербестігін арттырып, мәртебесін көтерілгенін айғақтап тұр.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

Мұндай пікірді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар айтты.

WhatsApp Image 2023-11-24 at 17.08.13

«Бизнеске жол» жобасы аясындағы жиынға Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова және мегаполистің кәсіпкерлері қатысты.

Басқосуды кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова ашып, жүргізіп отырды.

«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында бизнесті қолдауға ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау бойынша шаралар қабылдап, осы мақсатта «Бизнеске жол» жобасы жүйелі іске асырылуда. Осындай кездесулердің де көздегені сол мақсат – бизнестің өзекті мәселелерін тыңдау, шешу жолдарын қарастыру және талқылау», – деді Сабира Адамбекова.

Кіріспе сөзді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов алды.

«Біз өз жұмысымызды бағалау тәсілдерін түбегейлі түрде өзгерттік. Әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленді. Дәл осы тәуекелдер картасы біздің Агенттіктің өңірлердегі жұмысы үшін нақты бағдар болады. Ұлттық палатамен бірлесіп «Бизнеске жол» жобасы жүзеге асырылыа жатыр. Күн сайын кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді, қағазбастылықты еңсеруге көмектесеміз және олар тап болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоямыз. Осы жоба аясында 580 нақты түйткілді мәселені шешіп, 26 мың кәсіпкерге көмектестік. Кедергілердің ең көп саны жер қатынастары, инфрақұрылым және құрылыс салаларына тиесілі», – деді Ұлан Сарқұлов.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жүзеге асырылатын «Бизнеске жол» жобасы туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров баяндады.

WhatsApp Image 2023-11-24 at 17.08.12

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұзақ уақыттан бері стратегиялық серіктес. Біз Агенттікпен бірге проблемалық, сыбайлас жемқорлық белгілері, деректері бар салаларда тиісті талдау жүргіздік, оған қоса бірге мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесін пайдалану нәтижесінде миллиардтаған соманың қаржысын үнемделді. Ал жыл басынан бері осы «Бизнеске жол» жобасы аясында жүйелі проблемалар да, жеке кәсіпкерге қатысты мәселелер де қаралып, оң шешімін табуда. Жалпы оңтүстік өңірінің кәсіпкерлері өздерінің іскерлігімен танымал», – деді Ербол Өстеміров.

Спикердің айтуынша, ШОБ өкілдерімен тұрақты кездесулер өтіп, өңірлерді аралау жұмыстары жүріп жатыр.

«Сондағы кәсіпкерлердің көбі өзіне көмек жасалмаса да бизнесті жүргізуге кедергі келтірмеуді сұранады. Сондықтан, мемлекеттік органдардан әр кәсіпкердің арызына тереңінен қарауды сұраймын. Себебі, өкінішке қарай, пайдасынан зияны көп шешімдер жеткілікті. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын берілген, коммерциялық нысандар салынған жерлерді кері алғаннан мемлекет қандай пайда табады? Әр мемлекеттік орган, әр лауазымды тұлға шағын және орта бизнес – экономика тұрақтығының кепілі екенін түсініп, қызметін атқарса, кәсіпкерлік те дами түсер еді деп ойлаймыз. Осыған орай, Ұлан Серікұлы, Шымкент қаласының кәсіпкерлерін тыңдап, олардың қойған мәселелерін шешуге шара қолданайық, тиісті тапсырма, нұсқау берейік. Кейін осы сұрақтар бойынша кәсіпкерлер, тиісті мемлекеттік органдармен бірге онлайн жиналыс ұйымдастыруды ұсынамын», – деді Ербол Өстеміров.

Осы орайда бизнеске әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев айтып берді.

WhatsApp Image 2023-11-24 at 17.08.13 1

Жиын еркін форматта жалғасып, Қоғамдық кеңес мүшелері, өңірдің бизнес қоғамдастығының өкілдері кәсіпкерлікті дамытуға, түйткілді мәселелерге байланысты ойларын ортаға салды. Мемлекеттік органдар мен іскер азаматтар өзара пікір алмасты.

etnomediasya

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен этномедиацияны дамыту мәселесі тақырыбында семинар-тренинг басталды. Үш күнге жалғасатын шеберлік-сабаққа Қазақстан халықтары Ассамблеясы қалалық филиалы жанындағы медиация кеңесінің жетекшілері, қоғамдық және кәсіби медиаторлар, шаһардағы 5 аудан әкімдігінің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жалпы 50-ден астам адам қатысып жатыр.

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асып отырған этносаралық медиация аясындағы басқосу Шымкент қаласында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар семинар-тренингте этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізуді үйреніп, дауды сотқа жеткізбей, татуластырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Қазіргі кезде Шымкент қаласында 4 медиация орталығы бар. Маманданған медиация орталықтары мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ықпалдастық байланыстары орнатылған. Осы орталықтардың 9 медиаторы қалалық Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің құрамына қосылды. Ассамблея медиаторларының тізіміне 15 кәсіби және қоғамдық медиаторлар еніп, этномедиация қызметін ілгерілетуге жұмыс атқаруда. Жалпы, дауласқан тараптарды сотқа дейін татуластыру өзекті мәселе екендігі белгілі, – деді басқарма басшысы.

Жыл басынан бері қалада этнос өкілдерінің қатысуымен отбасылық, мұрагерлік, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті бұзу секілді 16 жағдай орын алып, ҚХА жанындағы этномедиаторлардың көмегімен тараптар келісімге келген екен.

Шеберлік-сабағында «Парасат» медиация және құқық орталығының кәсіби медиаторы Мұхтар Адаев, «Эуро Азиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің медиаторы Гүлжан Қожаахмедова қатысушыларға дискуссия, практикалық талдау дәрістерін өтеді. Оның ішінде этносаралық қақтығыстың туындау себебі, шиеленісуге ықпал ететін факторлар, қақтығыстың анатомиясы, даму фазалары, көпшілік алдында сөйлеу, шешендік өнері шеңберіндегі тақырыптар қамтылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі.

Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бір жыл ішінде жүргізілген жұмыстар туралы Primeminister.kz сайтының кезекті материалынан оқыңыздар.

8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды.

Жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында шаруалар 40 млрд теңгеге 1053 комбайн мен трактор сатып алды.

2,8 мың бірлік мал азығын жинау техникасын сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда.

1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамтитын жобаны жүзеге асыруға барлығы 1 трлн теңге қарастырылған.

2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді.

Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Елді сумен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді шешуді көздейтін жаңа Су кодексінің жобасы әзірленді.

Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Мәселен, 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9 су қоймасын салу жоспарланып отыр.

Екінші кезеңде Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасын салу қарастырылған.

WhatsApp Image 2023-11-23 at 10.00.25

«Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне 14 шілде 2022 жылы енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, 01.07.2023 жылдан бастап азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы жергілікті тіркеуші органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген.

Бұл біздің лепес емес, Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзі. Еліміздегі ең іргелі оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойында министр жүрекжарды ойын осылайша білдірді.

600

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін курсын өткізеді.

Оқуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен журналистер мен белсенді блогерлер де, журналистика факультетінің студенттері де қатыса алады.

Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Әлемнің зейнетақы жүйелері, халықтың қартаюы, Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (ЖЗЖ) - 25 жыл, БЖЗҚ қызметі

- Әлеуметтік Кодекс. ЖЗЖ-дағы жаңашылдықтар

- Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)

- Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары (ИПБ).

- Ұлттық қор – балаларға. Бағдарлама 2024 жылдан бастап қалай жұмыс істей бастайды?

- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?)

- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. Бастапқы көзден алынған материалдарды және эксклюзивті пікірлерді қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай жасауға болады?

Іс-шара онлайн-форматта 23 қарашада орыс тілінде және 24 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі уақыт аралығында өтеді.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу талап етіледі. Қатысуға өтінім беруші Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекенжайына өзі туралы ақпаратты: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін) көрсете отырып жіберуі қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Страница 1 из 741