Автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін автоХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 09:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды.
Мекенжайлары: №1 мамандандырылған ХҚО: Достық шағынауданы, 2343/1; №2 арнайы ХҚО: Ташкент тасжолы, 341.