407416855 3502315510081390 9057974336067941922 n

Бұған дейін Қаратау ауданы, Төлеметов көшесі, 35 мекенжайындағы орналасқан кезекші ХҚО енді Абай ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1/16 ғимаратына көшті.

Кезекші ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Ал сенбі күні сағат 13:00 дейін жұмыс жасайды.

Қалалың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) жұмыс істейді.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік палатасында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде «Кәсіпке бағыт» салалық оқытуы өтті. «Мен кәсіпкер» құралы аясында өткізілген оқу биыл үш сала бойынша ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2023-11-30 at 16.13.18 1

Атап айтқанда техникалық қызмет көрсету станциялары (детейлинг орталық ұйымдастыру» бойынша «Detailing Centre» жеке кәсіпкерлігіндегі оқуға 15 адам қатысты. Курс нәтижесінде бірнеше азамат өз ісін бастады, солардың бірі – «Аманат» жеке кәсіпкерлігі.

Сонымен қоса жеткізу қызметі бар қоғамдық тамақтану орны кәсібін ұйымдастыру бойынша оқуға 18 адам қатысып, «Salem Company Kazahstan» ЖШС-нің тәжірибесін үйреніп шығып, «Қасқыр СӘ» жеке кәсіпкерлігі ісін бастап кетті.

Ал тігін өндірісі саласын меңгеруге 13 тұрғын ниет білдіріп, оларға тігіншілікпен бірнеше жылдан бері айналысатын «Kasiet Collection» компаниясының жетекшісі Гулфайрус Шегебаева менторлық жасады. Бұл бағыт бойынша «Халимбетова» ЖК өз кәсібін ашты.

WhatsApp Image 2023-11-30 at 16.13.18

Осылайша үш сала бойынша салалық оқуға қатысып, тәжірибе жинаған тұрғындар өз ісін ашып, бастап отыр.

Айта кетейік, «Кәсіпке бағыт» курсы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін тегін өткізілді. Бір апта тәжірибе жинаған кәсіпкерлерге арнайы сертификат беріліп, ары қарай үш ай сүйемелдеу қарастырылған.

Шымкент қаласында бұл бағыттағы оқуға өтінімдер Ерімбетов көшесі, 304Г ғимарат, «Заңғар» бизнес орталығында қабылданады. Жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Кәсіпкерлер палатасының менеджер-консультанты: 8 705 280 22 19

ТМККК пакетіне не кіреді?

Пятница, 01 Декабрь 2023 08:03

ТМККК ҚР Конституциясында айқындалған және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар барлық азаматтар мен белгілі себептермен уақытша келген шетелдіктерге беріледі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде келесі медициналық қызметтерді алуға болады:  

1. Жедел медициналық көмек (оның ішінде медициналық авиация);  
2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
3. созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттерді динамикалық байқау;
4. шұғыл медициналық көмек;  
5. созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде күндізгі, тәулік бойы және үйдегі стационарда медициналық көмек ;  
6. туберкулез кезінде оңалту және 1 кезеңді оңалту;  
7. донорлық;  
8. дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және т. б.    

Сонымен, ТМККК алушыларды көлеміне қарай бірнеше топқа бөлуге болады:  

- ҚР азаматтары және тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер. ҚР халқының бұл тобы ТМККК-ны толық көлемде алады;  

- азаматтығы еліне қарамастан, айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру анықталған ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер. Олар аурулар тізімі бойынша медициналық көмек алады (ДСӘДМ №121 бұйрығы);  

- уақытша болатын шетелдіктер, ҚР ратификациялаған халықаралық келісімдер жасалған елдердің азаматтары. Бүгінгі таңда осындай екі келісім бар, олар ЕАЭО туралы шарт және ТМД елдері арасындағы Келісім, олар бойынша қатысушы елдердің азаматтарына шұғыл және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.  

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмек пакеті ҚР азаматтарына, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және ЕАЭО шартына қатысушы елдерден уақытша келетін шетелдіктерге-еңбекші көшіп – қонушыларға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне (жұбайлары мен балалары) беріледі.  

С. Құралбек,«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры  

Қалада күзгі ағаш отырғызу маусымына орай 51 348 түп жай жапырақты, 9 586 қылқан жапырақты ағаш көшеті отырғызылмақ. Қазіргі таңда жалпы саны 20 мыңнан аса көшет егілген.

868

МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚУАТЫ АРТАДЫ

Пятница, 01 Декабрь 2023 05:14

ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен мәжілісте Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасының мәселелері талқыланды. Жиында зауытты ұлғайтуға бағытталған Жол картасын жүзеге асыру тетіктері мен өзекті мәселелер қаралды.

566

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаевпен бірге шаһардың су тасқыны қаупі бар жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізді.

867

Қуғын-сүргін жасаған түнекті жылдардың зардабы кеңестік билік кезеңінің соңына дейін жеткен екінші зұлматтық үдеріс – азаматтарды дауыс беру құқығынан айыру тәркілеумен қоса-қабат жүргізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Шымкент Жұмыс тобы ізденістерінің нәтижесінде 1931 жылғы Қазақ Автономиялық Кеңестік социалистік Республикасындағы қайта сайлау кампаниясы кезінде Шымкент қаласы бойынша сайлау құқығынан айрылған тұлғалар тізімі табылды.

Қуғын-сүргін жасаған түнекті жылдардың зардабы кеңестік билік кезеңінің соңына дейін жеткен екінші зұлматтық үдеріс – азаматтарды дауыс беру құқығынан айыру тәркілеумен қоса-қабат жүргізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Шымкент Жұмыс тобы ізденістерінің нәтижесінде 1931 жылғы Қазақ Автономиялық Кеңестік социалистік Республикасындағы қайта сайлау кампаниясы кезінде Шымкент қаласы бойынша сайлау құқығынан айрылған тұлғалар тізімі табылды.

Страница 1 из 742