Сонымен қатар, дендрарий өзге ағаш түрлерімен, интродуценттермен (жерсіндірілген түрі) толықты. Интродуцент – зиянды қоқыстың әсеріне қарсы тұра алатын өсімдік. Оның қатарында шырша, кипарис, арша, боз арша, қайың, долана және тағы басқалар бар. Бұлар қоршаған ортаның сауығуына септігін тигізеді. Одан бөлек, шаһар көркін одан сайын арттыра түседі.
А.Асқаров атындағы дендропаркте 42 түрлі ағаштың 200 көшеті, 39 түрлі 5341 бұта егілген. Мұнда 100 мыңнан астам өсімдік бар. Оның 61-і Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Дендропарк қызметкерлері тұрғындарды қонаққа шақырады. Келушілер үшін есігі айқара ашылған саябақ штаттық режимде жұмыс істеуге көшті.