Оның ішінде Шымкенттің вирус жұқтырған 3 тұрғыны да бар. Ең көбі – Қарағанды облысында, мұнда жаңа 15 факті тіркеліп отыр. Осылайша елімізде Covid вирусын жұқтырған адамдар саны 109 907-ге жетті. Өткен тәулікте 84 науқас жазылып шыққан.
Комитет төрағасының айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, СҚО, БҚО, ШҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарында сақтық шаралары күшейтілді.
Министрлік өкілдері, бұған қоса, дәл қазіргі жағдай ескеріле отырып мектептердегі ІІ-тоқсандағы сабақ қашықтан оқыту әдісімен жалғаса беретінін мәлімдеді. Тек 1-4 сыныптар мен оқушы саны аз мектептерде кезекші сыныптар ұйымдастырылуы мүмкін.