Бұл орайда коммуналдық 5 мекеме күшейтілген кестеде, 32 бағытта жұмыс істеуде. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамалар, әлеуметтік нысан аумақтары, елді мекендердегі орталық көшелер қардан тазартылды.
Қар тазалау жұмысына бір уақыттың өзінде 600-ге жуық жұмысшы, 125 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1347 текше метр инертті материал сеуіп шықты.
Айта кетейік, қысқы маусымда қаланы «ЛТД тұрмыс», «Югдорсервис», «Бәйтерек ЛБ», «Нұртас сервис» және «Жасыл жер» коммуналды мекемелері техникамен қамтамасыз етеді.